Ұялы байланыс қызметі қымбаттай ма? Министрлік жауап берді

Байланыс қызметтерінің бағасы жылдың соңына дейін өзгеріссіз қалады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік байланыс операторларымен талқылау нәтижесінде байланыс қызметтерінің қолданыстағы тарифтерін 2024 жылдың соңына дейін сақтап қалу туралы келісімге келген.

«Министрліктің бұл бастамасы азаматтар мен бизнеске қолдау көрсетуге бағытталған, себебі байланыс құнының тұрақтылығы — цифрлық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін маңызды шарттардың бірі. Байланыс операторлары мемлекет бастамасына қолдау көрсетіп, экономикалық қиындықтарға қарамастан, қолданыстағы тарифтерді сақтап қалуға дайын екенін білдірді», — деп жазылған министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін желтоқсанда кейбір ұялы байланыс түрлері мен интернет қымбаттайтыны айтылды. Kcell (Activ брендінің иесі) 13 желтоқсаннан бастап Kcell мен Activ-тегі 18 тарифтің құнын өзгерту жоспарланғанын мәлімдеді.

«Тариф шарттарына байланысты орташа есеппен 6-дан 25 пайызға дейін (орта есеппен 400 теңге) өседі», — деп хабарлады Kcell.

Отбасының әл-ауқат санатына қарамастан төленетін мемлекет жәрдемақылары

Қазақстанда мұқтаждықты бағалаудың жаңа жүйесі енгізілгенімен, кейбір азаматтардың мемлекеттік жәрдемақылары отбасының әл-ауқат санатына қарамастан сақталып қалады.

І тоқсан аяқталуға жақын: мектеп оқушылары бір апта демалады

Оқушылардың тағатсыздана күткен бір апта тынығу сәті де жақындады.

2027 жылы Рамазан қашан басталады? ҚМДБ діни күндер кестесін бекітті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Шариғат және пәтуа бөлімі 2027 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

Республика күніне орай қай өңірлерде халыққа ақша беріледі? 

25 қазан – Республика күніне орай Қазақстанның бірқатар өңірінде азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.