Оқушылардың тағатсыздана күткен бір апта тынығу сәті де жақындады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Оқу-ағарту министрлігінің 2026 жылғы 29 шілдедегі №213-НҚ бұйрығымен оқу жылының және каникулдардың нақты мерзімдері бекітілген.
Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, бірінші тоқсан 8 оқу аптасынан кейін аяқталады.
Бірінші тоқсаннан кейін оқушылар 7 күн күзгі демалысқа шығады. Каникул 2026 жылғы 26 қазаннан 1 қарашаны қоса алғандағы кезеңге белгіленген.
Яғни оқушылардың бірінші тоқсандағы оқу мерзімі:
- Оқу жылының басталуы: 1 қыркүйек 2026 жыл;
- Бірінші тоқсан: 8 оқу аптасы;
- Күзгі демалыс: 26 қазан – 1 қараша 2026 жыл;
- Демалыс ұзақтығы: 7 күнтізбелік күн;
- Екінші тоқсан: 2 қарашадан басталады.
Алайда демалыс алдындағы 24 және 25 қазан – сенбі және жексенбі күндеріне түседі. Сондықтан оқушылар үшін демалыс күндері көбірек.
Еске салайық, бұған дейін мектепте қыздарға қай кезде шалбар киюге рұқсат берілетіні туралы жазылды. Қазақстан мектептерінде БЖБ мен ТЖБ орнына аралық бақылау енгізілетіні және оқушылардың қалай амандасуы керектігі туралы министрлік жаңа ұсынымдар әзірлеп жатқаны хабарланған еді.


