2027 жылы Рамазан қашан басталады? ҚМДБ діни күндер кестесін бекітті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Шариғат және пәтуа бөлімі 2027 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

ҚМДБ баспасөз қызметі келесі жылғы діни мерекелердің күнтізбесін жариялады.

Кесте бойынша, 2027 жылы Рамазан айы 8 ақпанда басталып, 8 наурызда аяқталады. Ал Қадір түні 5 наурыздан 6 наурызға қараған түнге сәйкес келеді.

2027 жылы Құрбан айт мейрамы 16–18 мамыр аралығында атап өтіледі.

Діни күндер кестесі
Діни күндер кестесі. Фото: ҚМДБ

Діни күндердің мерзімі өзгеруі мүмкін

ҚМДБ мәліметінше, хижри айлардың басталу күндері халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректері негізінде есептелген. Сонымен қатар діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты өзгеруі мүмкін. Пәтуа мамандары күнтізбеде көрсетілген мерзімнің бір күнге ерте не кеш жылжуы ықтимал екенін ескертеді.

Отбасының әл-ауқат санатына қарамастан төленетін мемлекет жәрдемақылары

Қазақстанда мұқтаждықты бағалаудың жаңа жүйесі енгізілгенімен, кейбір азаматтардың мемлекеттік жәрдемақылары отбасының әл-ауқат санатына қарамастан сақталып қалады.

І тоқсан аяқталуға жақын: мектеп оқушылары бір апта демалады

Оқушылардың тағатсыздана күткен бір апта тынығу сәті де жақындады.

Республика күніне орай қай өңірлерде халыққа ақша беріледі? 

25 қазан – Республика күніне орай Қазақстанның бірқатар өңірінде азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.

2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер өседі 

Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлемдер 8,5%-ға өседі.