Шерзат Болаттың ағасы өлі табылды

Шерзат Болаттың ағасы өлі табылды. Ақпаратты Алматы облыстық полиция департаменті растады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талғар қаласының маңында 30 жастағы ер адамның денесі табылған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылып, өзіне-өзі қол жұмсаған.

«Марқұм биыл 4 қазанда қайғылы жағдайда қаза тапқан кәмелетке толмаған Шерзат Болаттың ағасы екені анықталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір барлық жағдайды анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық сипаттағы қандай да бір белгілер анықталмады», — деп жазылған полиция хабарламасында.

Полиция марқұм Шерзат Болаттың отбасы барлық уақытта полицейлердің қорғауында болғанын мәлімдеді.

«Марқұмның отбасына қатысты қандай да бір қауіп-қатер тіркелген жоқ. Күзеткен қызметкерлердің сөзінше, ер адам күзетілетін нысаннан сағат 23:30-да шығып, жеке көлікпен кеткен», — деп жазылған хабарламада.

Отбасының әл-ауқат санатына қарамастан төленетін мемлекет жәрдемақылары

Қазақстанда мұқтаждықты бағалаудың жаңа жүйесі енгізілгенімен, кейбір азаматтардың мемлекеттік жәрдемақылары отбасының әл-ауқат санатына қарамастан сақталып қалады.

І тоқсан аяқталуға жақын: мектеп оқушылары бір апта демалады

Оқушылардың тағатсыздана күткен бір апта тынығу сәті де жақындады.

2027 жылы Рамазан қашан басталады? ҚМДБ діни күндер кестесін бекітті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Шариғат және пәтуа бөлімі 2027 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

Республика күніне орай қай өңірлерде халыққа ақша беріледі? 

25 қазан – Республика күніне орай Қазақстанның бірқатар өңірінде азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.