2025 жылға арналған ең төменгі жалақы, зейнетақы және АЕК мөлшері бекітілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға арналған ең төменгі жалақыны, айлық есептік көрсеткішті және ең төменгі зейнетақыны белгілейтін заңға қол қойды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заң бойынша 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  • Ең төменгі жалақы — 85 000 теңге.
  • Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — 32 360 теңге.
  • Ең төменгі зейнетақы мөлшері — 62 771 теңге.
  • Айлық есептік көрсеткіш — 3932 теңге.
  • Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс минимумы 46 228 теңге болады

2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетте 21 триллион 392 миллиард 54 миллион 673 мың теңге кірістер көзделген. Шығындар — 25 триллион 193 миллиард 22 миллион 392 мың теңге.

Сонымен бірге Тоқаев «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Отбасының әл-ауқат санатына қарамастан төленетін мемлекет жәрдемақылары

Қазақстанда мұқтаждықты бағалаудың жаңа жүйесі енгізілгенімен, кейбір азаматтардың мемлекеттік жәрдемақылары отбасының әл-ауқат санатына қарамастан сақталып қалады.

І тоқсан аяқталуға жақын: мектеп оқушылары бір апта демалады

Оқушылардың тағатсыздана күткен бір апта тынығу сәті де жақындады.

2027 жылы Рамазан қашан басталады? ҚМДБ діни күндер кестесін бекітті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Шариғат және пәтуа бөлімі 2027 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

Республика күніне орай қай өңірлерде халыққа ақша беріледі? 

25 қазан – Республика күніне орай Қазақстанның бірқатар өңірінде азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.