Қазақстан мен Оңтүстік Корея қорғаныс министрлерінің келіссөзін тоқтатты

Оңтүстік Кореяның Ұлттық қорғаныс министрлігі 5 желтоқсанға жоспарланған Қазақстан мен Оңтүстік Корея қорғаныс министрлерінің арасындағы келіссөздердің тоқтатылғанын хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The JoongAng басылымына сілтеме жасап.

Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігі мәліметінше, кездесудің тоқтатылуы қазақстандық тараптың сапардан бас тартуымен байланысты болған.

«Тараптар қазіргі жағдайды ескере отырып, іс-шараны тоқтату туралы келісімге келді», – деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігінің өкілі.

Біз бұл жағдайға байланысты пікір алу үшін Қазақстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне жүгіндік.

Еске салайық, бұған дейін Сеулде қақтығыстар басталғаны хабарланған болатын. Бұған дейін Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрі отставкаға кететінін жариялаған болатын.

Отбасының әл-ауқат санатына қарамастан төленетін мемлекет жәрдемақылары

Қазақстанда мұқтаждықты бағалаудың жаңа жүйесі енгізілгенімен, кейбір азаматтардың мемлекеттік жәрдемақылары отбасының әл-ауқат санатына қарамастан сақталып қалады.

І тоқсан аяқталуға жақын: мектеп оқушылары бір апта демалады

Оқушылардың тағатсыздана күткен бір апта тынығу сәті де жақындады.

2027 жылы Рамазан қашан басталады? ҚМДБ діни күндер кестесін бекітті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Шариғат және пәтуа бөлімі 2027 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

Республика күніне орай қай өңірлерде халыққа ақша беріледі? 

25 қазан – Республика күніне орай Қазақстанның бірқатар өңірінде азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.