«Кітап оқуға құштарлық!» атты шектеусіз оқу жобасы балалар колониясында өтті

   Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің  №11 мекемесінде «Кітап оқуға құштарлық!» атты шектеусіз оқу  жобасының аясында, жазасын өтеуші жасөспірімдер арасында іс шара өтті.

Іс шараға Алматы қаласының Жамбыл атындағы қалалық жасөпірімдер кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Нұрлыхан Жұмахан және Құмарова Шарайна Файзулаевна әділқазылық етті. Сонымен қатар мекемедегі жалпы білім беретін мектептің, тіл мамандары А.А.Алиева мен Е.В.Бутенко қатысты.  

    Шараға қатынасқан он төрт жазалы жасөпірім, өздері оқыған әр шығарманың тарихын,берер әсерін,үлгі болар тұсын нақтылап жеткізе білді. Олардың жырды

мәнерлеп, нақышына келтіріп орындауынан, қара сөзді беріле әсерлі әңгімелесуіне кітапты қызыға оқығандарын, сол арқылы көңілдеріне медеу, жандарына сая тапқандары сезілді. Шара барысында ұлы Абайдың ақиық Бейімбет Майлинің, Бердібек Соқпақбаевтың және Асқар Сүлейменовтің т.б детектив шебері Агата Кристидің, орыстың атақты жазушыларының шығармаларымен қоса, қазіргі заман әдебиеті өкілдері де шет қалмады.

   Уақытарын босқа өткізбей көркем туынды оқуға бет бұрған оқушылардың еңбегі еленіп, сый-сыяпат және мекеме бастығы атынан мақтау қағаздар табыс етілді. Іс шара соңында, мекемеге келген қонақтарға алғыс білдіріп, мекеме бастығы әділет полковнигі Сулейменов Алмат Битимбекович  жасөспірімдерді, көркем әдебиет оқи отырып терең білім алуға, ой-сананың      кемелденуіне, тіл байлықтың молаюына, әдеби мұра мен ақын-жазушыны насихаттау мен дәріптеуге жол ашуына бағытталған іс шараның мақсаты-жастар болашағына даңғыл жол екенін айтып өтті.

                                                                              №11 мекеме  Еркегүл  Жеңісхан

Қазақстан орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған...

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...

Реформалар жұмыс сапасын жақсартуды көздейді

Мемлекет басшысы айтқандай «Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның қызметімен қатар, сот отырысының...

Жошы  Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудің жаңа кезеңі басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы...