Кегенде Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіш-бюсті ашылды

Алматы облысы Кеген ауданының орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюст ашылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кеген ауылындағы балалар өнер мектебіне Заманбек Нұрқаділовтің есімі берілді. Ескерткіштің ашылу рәсімі дәл осы Заманбек Нұрқаділов атындағы өнер мектебінің алаңында ұйымдастырылды.

Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, танымал тұлғалар мен қайраткердің отбасы мүшелері қатысты.

Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов бюсті ашты.

Биіктігі 4,5 метр болатын бұл туындының авторлары — Айдос Бүркітбаев пен Тимур Нұрмұхаметов.

Салтанатты рәсімнен кейін қатысушыларға Заманбек Нұрқаділовтің өмірі мен қызметі туралы «Не только о себе» атты кітаптың 300 данасы таратылды.

Заманбек Нұрқаділов — 1944 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданында дүниеге келді. Ол 2005 жылы өмірден өтті. Қоғам қайраткері Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы; Алматы қаласының әкімі; Парламент Мәжілісінің депутаты, т.с.с. жауапты қызметтер атқарған.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш орнату туралы ұсыныс жасады.

Кейінірек Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіші қай жерден бой көтеретіні белгілі болды. 

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.