12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салынуы мүмкін

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева балаларды қараусыз қалдыруға қатысты бастама көтерді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Закиеваның мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері Қазақстанда балалар қаза тапқан 15 өрт оқиғасы тіркелген. Көп жағдайда балалар үйде жалғыз қалған кезде қайғылы жағдайлар болған.

«Осы деректерді талдай отырып, 12 жасқа дейінгі балаларды кәмелетке толған адамдардың қарауынсыз қалдыруға тыйым салу бойынша заңнамалық шараларды пысықтау қажет деп санаймын. Оған қоса қолдауға мұқтаж отбасылар мемлекеттік көмек бағдарламаларымен қамтамасыз етілуі қажет», — деп жазды балалар омбудсмені.

Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында өрт шығып, бір үйдің бес баласы мерт болғаны хабарланды. Кейінірек жағдайды Бас прокурор бақылауына алды. 

Отбасының әл-ауқат санатына қарамастан төленетін мемлекет жәрдемақылары

Қазақстанда мұқтаждықты бағалаудың жаңа жүйесі енгізілгенімен, кейбір азаматтардың мемлекеттік жәрдемақылары отбасының әл-ауқат санатына қарамастан сақталып қалады.

І тоқсан аяқталуға жақын: мектеп оқушылары бір апта демалады

Оқушылардың тағатсыздана күткен бір апта тынығу сәті де жақындады.

2027 жылы Рамазан қашан басталады? ҚМДБ діни күндер кестесін бекітті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Шариғат және пәтуа бөлімі 2027 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

Республика күніне орай қай өңірлерде халыққа ақша беріледі? 

25 қазан – Республика күніне орай Қазақстанның бірқатар өңірінде азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.