12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2 желтоқсанда еліміздің 18 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады. Кей өңірде тұман түсіп, көктайғақ болса, енді бір өңірлерде екпіні күшті жел соғады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда мұзтайғақ.

Алматыда кей уақытта тұман, жолдарда мұзтайғақ.

Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Ұлытау облысының шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысында жолдарда көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.

Жетісу облысының таулы аудандарында көктайғақ, түнде және таңертең орталығында, таулы аудандарында тұман.

Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкентте түнде және таңертең тұман.

Ақмола облысының батысында, шығысында тұман түседі.

Астанада түнде және таңертең тұман.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман.

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде секундына 15-18 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Астанада оқушылар түстен кейін онлайн оқитын болды

Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,