Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады?

Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекесі елімізде 16 желтоқсанда, дүйсенбіде атап өтіледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Осылайша, қазақстандықтар желтоқсанда Тәуелсіздік күніне — 2024 жылы 16 желтоқсанға қосымша демалады, демек:

бес күндік жұмыс аптасында — 14, 15, 16 желтоқсан демалыс күндері болады;
алты күндік жұмыс аптасында — 14 желтоқсан жұмыс күні, 15 және 16 желтоқсан демалыс.
Сонымен қатар желтоқсанда кәсіби және басқа да мерекелер бар. Жұмыс және демалыс күндеріне қарамастан, мереке атап өтіледі.

Кәсіби мерекелердің тізбесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 17.11.2023 жылғы №480 бұйрығымен, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді:

  • 5 желтоқсан — Адвокатура күні;
  • 6 желтоқсан — Прокуратура күні;
  • 15 желтоқсан (желтоқсанның үшінші жексенбісі) — Энергетика күні;
  • 20 желтоқсан — ҚР Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет күні;
  • 22 желтоқсан — Мұрағатшылар күні.

Отбасының әл-ауқат санатына қарамастан төленетін мемлекет жәрдемақылары

Қазақстанда мұқтаждықты бағалаудың жаңа жүйесі енгізілгенімен, кейбір азаматтардың мемлекеттік жәрдемақылары отбасының әл-ауқат санатына қарамастан сақталып қалады.

І тоқсан аяқталуға жақын: мектеп оқушылары бір апта демалады

Оқушылардың тағатсыздана күткен бір апта тынығу сәті де жақындады.

2027 жылы Рамазан қашан басталады? ҚМДБ діни күндер кестесін бекітті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Шариғат және пәтуа бөлімі 2027 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

Республика күніне орай қай өңірлерде халыққа ақша беріледі? 

25 қазан – Республика күніне орай Қазақстанның бірқатар өңірінде азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.