Астана жаңажылдық безендіруге 700 млн теңгеге жуық қаржы жұмсамақ

Қыс мезгілінде Астана тұрғындары мен қонақтарына арнап көптеген ойын-сауық орындары әзірленеді: мұз айдындары, сырғанақтар, сүйкімді шағын архитектуралық мүсіндер, фотоаймақтар және тағы басқа қаланың алты ауданында осындай 60-қа жуық орын ашылып, қыс мезгілінде жұмыс істейді деп жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аудандық әкімдіктер қысқы безендіру жұмыстарына шамамен 696,7 млн теңге бөледі, оның ішінде:

  • Нұра ауданы — 79 млн теңге;
  • Сарыарқа ауданы — 110 млн теңге;
  • Алматы және Сарайшық ауданы — 165 млн теңге;
  • Байқоңыр ауданы — 158,8 млн теңге;
  • Есіл ауданы — 183,9 млн теңге.

Мұз айдындарын, слайдтарды, шағын архитектуралық мүсіншелерді, фотоаймақтарды және басқа элементтерді орнату бойынша монтаждау жұмыстары қараша айының ортасынан басталды. Бұл жұмыстар желтоқсанның екінші онкүндігінде кезең-кезеңімен аяқталады.

Отбасының әл-ауқат санатына қарамастан төленетін мемлекет жәрдемақылары

Қазақстанда мұқтаждықты бағалаудың жаңа жүйесі енгізілгенімен, кейбір азаматтардың мемлекеттік жәрдемақылары отбасының әл-ауқат санатына қарамастан сақталып қалады.

І тоқсан аяқталуға жақын: мектеп оқушылары бір апта демалады

Оқушылардың тағатсыздана күткен бір апта тынығу сәті де жақындады.

2027 жылы Рамазан қашан басталады? ҚМДБ діни күндер кестесін бекітті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Шариғат және пәтуа бөлімі 2027 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

Республика күніне орай қай өңірлерде халыққа ақша беріледі? 

25 қазан – Республика күніне орай Қазақстанның бірқатар өңірінде азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.