12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Банк кепілге қойған мүлікті басқа компанияға қалай берген?

Ақмола облысы, Атбасар қаласының тұрғыны Ернұр Балғабаевтың банкке кепілге қойылған мүлкі цессия шарты бойынша үшінші тараптың меншігіне өтіп кеткен. Осыған байланысты азамат Балғабаев «Қазақстан Халық банкі» АҚ мен «Bagget» ЖШС үстінен апелляциялық шағым түсірген болатын.
Алматы қалалық сотында қаралған сот процесіне аталған тараптардан бөлек «Азаматтарға арналған үкімет» ҰАҚ және өзге де қарыз алушылардың өкілдері де қатысты.
Мәселенің мән-жайын тарқатып айтсақ, 2016 және 2019 жылдары «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның Қарағанды филиалы Жомарт Жұмағұлов есімді азаматқа тиесілі компаниялар тобына қомақты несие рәсімдеген. Оған бірқатар заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың мүлкі, оның ішінде шағымданушы Ернұр Балғабаевтың да пәтері кепілге қойылған. Бұл азамат сол кезде Ернұр Балғабаевпен бірге «Ынтымақ Атбасар» компаниясында қызмет еткен. Алайда, Жұмағұловтың компаниялары банкке алған несиесін өтемеген соң, «Қазақстан Халық банкі» 2022 жылы сотқа беріп, Жұмағұловтан және бірнеше компаниядан қарызды өндіру туралы шешім шығарады. Сот шешімі күшіне енгенде банк 500 млн теңге қарызды қайтарып алу жұмысын сот орындаушыларына тапсыруы тиіс. Олар әрі қарай өтеушілердің есепшотын тексеріп, қарыз ақшаны алып, қалған мүлкін босатуы керек болатын. Алайда, банк мұның бірін де тексерместен, тіпті сот шешіміне қарамастан келісім-шарт құжаты мен кепілдік мүлікті «Bagget» ЖШС-не бере салады, ал бұл компания әлгі 500 млн теңгені төлеп, бүкіл мүлікке ие болған.
«Қазақстан Халық банкі» АҚ мен «Bagget» ЖШС арасында жасалған цессия шарты, яғни талап ету құқығынан шегіну шартын түзіп, Балғабаевтың кепілде тұрған пәтерін «Bagget» ЖШС-не беруі заңды ма?
Ал бұл жөнінде Балғабаев: «Bagget» ЖШС банкке 500 млн теңге берді. Ал банк неге 500 млн-ға ғана мүлік бермей, оған 2 млрд теңгеден астам мүлікті беріп жіберді? Екіншіден, «Bagget» ЖШС банкке қарыз Жомарт Жұмағұловтың компаниясы болып шықты. Сонда банк мүліктің бәрін өзіне қарыз компанияға қайтарып отырғаны қалай?», – дейді ашынып.
Мұны соттан заңсыз деп тануды талап еткен шағымданушы Ернұр Балғабаевтың ісі жайында қорғаушы Алма Мусинаның айтуынша, несие алушылар банкке қарызды қайтармаған.
«Осыған орай Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 соты 2022 жылы 28 желтоқсанда несие бойынша қарыз сомасын қайтару туралы шешім шығарды. Ал банк сот орындаушылары арқылы қарызды мәжбүрлеп қайтарып алудың орнына «Bagget» ЖШС компаниясымен цессия шартын жасасып, несие шарты мен кепілдегі мүліктің бәрін беріп жіберген. Оның ішінде Ернұр Балғабаевтың да пәтері болғандықтан, ол сотқа шағымданды», – деп істің жай-жапсарын түсіндірді.
Шын мәнінде, адвокат банк пен кәсіпорын арасында цессия шартының жасалуы заңға қайшы әрекет екенін алға тартты.
«Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның пайдасына несие алушы компаниялар тобынан қарызды қайтару туралы сот шешімі заңды күшіне енді. Мұндай жағдайда Банк несие шартын ешкімге бере алмайды. Ал сот шешімін сот орындаушылары ғана атқаруы тиіс. Екіншіден, Қазақстан Республикасының Банктер және банк қызметі туралы заңында үмітсіз банк қарыздары бойынша құқықты беруге болатын үшінші тұлғалардың нақты тізімі бар. Наубайхана қызметімен айналысатын «Bagget» ЖШС бұл тізімде жоқ. Заң бойынша проблемалық қарыздар коллекторлық агенттіктерге немесе проблемалық несиелермен жұмыс істеуге құзыреті бар арнайы қаржылық ұйымдарға берілуі тиіс», – деді адвокат Алма Мусина.
Алайда, Ернұр Балғабаевтың шағымы кеше апелляциялық сот отырысында да ескерілмеді. Тіпті, оның қорғаушылары келтірген нақты мысалдарға жауап беруші тарап өкілдері келіспей, осыған дейін Медеу аудандық соты шығарған шешімді өзгертусіз қалдыруды сұрады. Мәселен, сот отырысына «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның өкілі ретінде қатысқан Надежда Бреусова несие екі түрлі уақытта, яғни 2016 және 2019 жылдары рәсімделгенін айтып, Балғабаевтың мүлкі алғашқы 2016 жылы алынған несиеге кепіл ретінде қойылғанын алға тартты.
«Бұл несие толық өтелді. Ал цессия шарты 2019 жылғы несиеге қатысты жасалған. Сәйкесінше, Балғабаевтың жылжымайтын мүлкіне қатысты шағымы мен цессия шарты арасында ешқандай байланыс жоқ. Сондықтан, ол шағымданушының мүддесін еш қозғамайды», – деп толықтырды пікірін Надежда Бреусова.
Одан бөлек «Bagget» ЖШС атынан қатысқан Анна Камша алғашқы сот шешімін заңды деп танып, өзгеріссіз қалдыруды сұрады. «Шағымданушы Балғабаев айтқан мәселе бұған дейінгі сот отырыстарында қаралды. Сот шешімі соның негізінде шықты. Тіпті, шағым түсірген тарап жылжымайтын мүлкінің арестте тұрғаны туралы ешбір құжат көрсеткен жоқ», – деді.
Ал тараптардың ішінде «Қойбағаров» ЖК өкілі шағымданушы тараптың апелляциялық шағымын қанағаттандыруды сұраған еді.
Бүгін Балғабаевтың түсірген апелляциялық шағымына қатысты жарыссөз өтіп, сот артынша үкім шығарды. Алматы қалалық сотының шешімі бойынша, 2024 жылы 1 тамызда түскен іс негізінде шағымданушы Ернұр Балғабаевтың апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз және өзгеріссіз қалдырылды. «Сот қаулысы жария етілген уақыттан бастап күшіне енеді», – деді судья. Яғни, бұған дейінгі Медеу аудандық сотының «Балғабаевтың құқы бұзылған жоқ» деген шешімі сол күйі қалды.
Алайда, шағымданушы Балғабаевтың қорғаушысы Алма Мусинаның пікірінше, Медеу аудандық соты талап ету құқығы бойынша келісім-шарттың заңды немесе заңсыз екенін тексермеген. «Бұған келіспеген Балғабаевтың апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады. Бірақ алғашқы шешімді күшінде қалдырды. Енді оның Жоғарғы сотқа қайта қарау туралы шағым түсіріп, бірінші және екінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуді сұрауға құқығы бар», – деді адвокат А.Мусина.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге күресейік!

Сыбайлас жемқорлық — заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп,қоғамдық бәсекелестік пайда...

Қоныс колониясында кәсіпкерлермен жұмыс кездесуі өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №49 мекеме әкімшілігі...

Пробация қызметінің өзге мемлекеттік органдармен ынтымақтастығы

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің бастамасымен Ұйғыр...

Әрекеттегі Меритократия

Мемлекеттік қызметке меритократия қағидаттарына және мансаптық саты бойынша болжамды...

Закон и порядок: МВД усиливает меры по борьбе с коррупцией

Министерство внутренних дел усилило меры по обеспечению правопорядка и...