12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Заң және тәртіп: ІІМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейтуде

Ішкі істер министрлігі құқықтық тәртіпті және кез келген заң бұзушылық үшін міндетті жазалауды қамтамасыз ету шараларын күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Басты қағидат – заң мен тәртіп. ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті жедел басқару орталықтары мен патрульдік қызметтің жұмысын белсенді қадағалауда. Жедел басқару орталықтары патрульдік полицейлердің жұмысын тәулік бойы бақылауда ұстайды. Қызметкерлер өздігімен сөндіре алмайтын «смартжетондармен» жабдықталған. Бұл құрылғылар белгіленген талаптардан ауытқуға мүмкіндік бермейді, барлық әрекеттер үнемі жазылып отырады. Бұдан басқа, жасанды интеллект қосылған бейнебақылау камераларынан алынған деректерді талдайтын жүйе қолданылады. Бұл кез келген құқық бұзушылықты анықтауға және оны жедел әшкерелеуге мүмкіндік береді. Полицияның жұмысы әрбір заң бұзушыны оның мәртебесі мен лауазымына қарамастан тиісті жауапкершілікке тартуға бағытталған. Ешкімге ешқандай артықшылық берілмейді. Патрульдік полицейлер заң талаптарын қатаң түрде сақтайтынын атап өткім келеді. Олардың тарапынан кез келген заңсыз әрекеттер үшін сәйкесінше жауапкершілік көзделген. Біз азаматтарды заңды сақтауға, полицейлердің заңды талаптарын орындауға, лауазымды тұлғаларға пара ұсыну әрекеттеріне бармауға шақырамыз. ІІМ және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арасында тиісті меморандумға қол қойылғанын еске саламын. Оның аясында жемқорлықпен күрес одан әрі нығая түспек. Егер сiз қызметкерлердің әдепсіз іс-әрекеттерінің куәсі болсаңыз, дереу ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментіне немесе 1402 сенім телефонына хабарласыңыз. Тек бірлесе жұмыс істей отырып, біз қоғамда қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті және әділеттікті қамтамасыз ете аламыз, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Алаш ардақтылары аңсаған болашақ

Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты. Мен жастарға сенемiн! ,-...

Қазақ даласының митридаты

Мың да сегіз жүз екінші жыл Көкшетау өңірінде қазақтың...

Заң мен тәртіп: Астанада жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасында 150 бұзушылық анықталды

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу...

Закон и порядок: в Астане провели профессионально-правовую консультацию для молодежи

В столице прошло мероприятие консультационного характера «Начни порядок с...