12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақ даласының митридаты

Мың да сегіз жүз екінші жыл Көкшетау өңірінде қазақтың ұлан-байтақ даласына  тағы бір Шыңғыс ұрпағы дүние келген еді. Бұл қазақтың соңғы ханы Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлы. Төрелер әулетінде туылған жас сұлтан ата-бабасының рухын бойына сіңіріп өсті. Ұлы даланың қатал табиғатына бейімделіп, әскери өнер мен ат бегілікке әбден шындалып ер жетті. Көсемге тән бірбеткейлігі, қайсарлығы мен көшбасшылық қабілеті бала кезден байқалды. 

Орыс оздырлығының өршегіп тұрған заманына тап келген Кенесары елі үшін қылышын қынабынан суырудан басқа амалы қалмады. Әкесі Қасым мен үлкен ағасы Саржанның жолын қуып соңғы ханымызда тәуелсіздік таңы үшін күрес жүргізді. Кенесары өз жорықтарын 1838 жылы Ақмола, Ақтау сынды ірі қамалдарды басып алудан бастады. Бұнымен тоқтап қалмай Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт қамалдарында басып алды. Кенесарыға қарсы патша үкіметінің шашбауын көтеріп сатқын сұлтандар аз болмаған еді. Ахмет Жантөреұлымен болған шайқаста осындай 44 сатқын сұлтандар өлтірілді. Әскери өнермен әбден машыққан Кенесарының қолына орыс әскері жақындауға да қорықты. Осындай ерліктерінен кейін 1841 жылы Кенесары Қасымұлы ақ киізге көтеріліп хан сайланды. Кенесары талантты қолбасшы ғана емес керемет саяси-дипломат бола білді.

Қазақтың санасына сатқындық пен күндестік кеткен бе, шіркін. Осынау дара тұлғамыздың өлімі де осы сатқындықтан келген еді. Тіпті Қасым сұлтан мен баласы Саржанда қырғыз халқының опасыздығынан қаза болған. Қырғыз манаптарымен патша үкіметіне қарсы одақтасуға келісімді қырғыздар Саурақ батырды өлтіргенімен бұзды. Кенесары әскері мен қырғыз манаптарының Майтөбе маңында шайқас өтті. Майдан даласында Сұлтан Рүстем мен Сыпатай өз хандарын жау қолында тастап кете барды. Барша қазақ елінің артынан пышық сұққан олар тарихтың сыңына ұшырап, қазақ болмысына қара таңба болып қалды. Бірнеше күнге созылған шайқаста Кенесары хан мен інісі Наурызбай батыр тұтқынға түседі. Осылайша қазақтың соңғы ханыда көз жұмады. Қырғыз манаптары ханымыздың басын кесіп, Батыс Сібір генерал-губернаторына сыйға тартылады. Бір туған бауырымыз деп жүрген қырғыз халқының бұл әрекеті қазақтар үшін орны толмас қайғы әкелді. Бұл оқиға тарих беттерінен ғасырлар бойы өшпесі анық.

Тарих қазақты аяған ба. Тар заманның маңдайына сыймаған бабаларымыз әрқашан ерлік пен елдіктің символы болып, ұлтымыздың бет-бейнесіне айналады. Тарихтың қақпанынан босап шыққанымыз осы ұлты үшін жан берген адамдардың арқасында. Тау тұлғамыз Кенесары Қасымұлының дүниеге келгеніне биыл 220 жылдан асты. Кенесары Қасымұлының идеологиялары мен ерлік істері насихатталып, ханыға лайық құрмет көрсетілуі тиіс. Дала дауылы атанған Кенесары хан қазақтың соңғы ханы, ұлттық намыстың айнасы, патриотизмнің шыңы болып ғасырлар бойы қазақ жүрегінде қалмақ.

Бағдатқызы Қырмызы, Абылайхан атындағы екі шет тілдер және халықаралық қатынастар университеті

2 курс журналистика

Салық кодексіндегі жаңа жеңілдіктер: ескі көліктердің екінші тынысы

Статистика көрсеткендей, елiмiздiң автопаркiнiң жартысынан астамы осы жеңілдікті пайдалана алады. Әңгіме 11 жылдан асқан көліктер туралы болып отыр. Шыққанына11-20 жыл аралығындағы жеңіл көліктер үшін 30 пайыздық және ескі көліктер үшін 50 пайыздық салық жеңілдігін бекітетін норма құжатта қалды. Кодекс 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі тиіс. Сол кезден бастап жеңілдіктер қолданыла бастайды. Мысалы, 2026 жылдың ақпанында ескі автокөлікті сатқан жағдайда, оның иесіне салықты 2025 жылға дейін ескі мөлшерлеме бойынша (егер ол төленбесе), ал 2026 жылы иелену уақытында жаңа, төмендетілген мөлшерлеме бойынша төлеу қажет болады. ҚР Ұлттық статистика бюросының есебіне сәйкес, 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда барлығы 6 175 955 көлік құралы тіркелген. Оның ішінде жеңіл көліктер саны -...

Мәртебесі биік мемлекеттік мереке

Тұңғыш Конституцияның тарихы 1993 жылдан бастау алады. Қолданыстағы Конституция 1995 жылы...

Түркиядағы Абай есімі —  бауырластықтың белгісі

2025 жылы Қазақстан мен бүкіл түркі әлемі ұлы ақын,...

В Музее искусств имени Кастеева в Алматы начались реставрационные работы

В рамках масштабной государственной программы по модернизации и сохранению...