Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) бірі болып табылатын 11-мақсат – «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» – қалаларды инклюзивті, қауіпсіз, төзімді және тұрақты етуге бағытталған. Бұл мақсат қазіргі урбанизация қарқыны мен оның қоршаған ортаға, экономикаға және қоғамға әсерлерін ескере отырып, орнықты даму үшін аса маңызды.11-мақсатқа жету үшін жасалу керек негізгі міндеттерге тоқталып өтсек:
1.Қауіпсіз және қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету:
Әлем бойынша миллиондаған адам лайықты баспанаға мұқтаж. Бұл міндет елді мекендерде инфрақұрылымды дамыту мен тұрғын үй қолжетімділігін арттыруды талап етеді.
2.Тұрақты көлік жүйелерін дамыту:
Көлік қалалардағы ауа сапасына, жол қауіпсіздігіне және экономикалық белсенділікке әсер етеді. Қоғамдық көлік жүйелерін жақсарту және экологиялық таза көліктерді енгізу маңызды.
3.Қалалық инфрақұрылымды жетілдіру:
Қалаларда таза суға, электр қуатына және интернетке қолжетімділік қамтамасыз етілуі керек. Бұл тұрғындардың өмір сапасын арттырады.
4.Мәдени және табиғи мұраларды қорғау:
Қалалардағы тарихи және мәдени нысандарды сақтау, сондай-ақ табиғи экожүйелерді қорғау тұрақты дамудың маңызды аспектісі болып табылады.
5.Климаттық тұрақтылықты арттыру:
Қалалар климаттық өзгерістерге бейім болуы қажет. Бұл су тасқыны, жер сілкінісі немесе басқа табиғи апаттардан болатын шығындарды азайту үшін қажет.
6.Қалдықтарды басқаруды жетілдіру:
Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және оларды тұрақты басқару экологиялық тазалықты қамтамасыз етеді.
11-мақсатқа жету үшін елімізде қалаларды экологиялық таза, қауіпсіз, қолжетімді және баршаға қолайлы өмір сүру ортасына айналдыруды көздеп отыр. Жоспар аясында қала инфрақұрылымын жақсарту, көлік жүйесін жетілдіру, қалдықтарды басқару, энергияны үнемдеу, тарихи мұраларды сақтау және климаттық өзгерістерге төзімділікті арттыру қарастырылған.Әл-Фараби атындағы заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушылары мен студенттері осы мақсатқа жету жолында өз үлесін қосуда.Алматы қаласында өтетін сенбіліктерге,қатты тұрмыстық қайда өңдеу үшін де жұмыстарға белсене араласуда. Бүгінгі таңда әлем халқының 55%-дан астамы қалаларда өмір сүреді, ал 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 70%-ға дейін өсуі мүмкін. Урбанизацияның артуы бір жағынан экономикалық даму әкелсе, екінші жағынан әлеуметтік және экологиялық проблемаларды шиеленістіріп отыр. Ауаның ластануы, шулы орта, көлік кептелістері, қолжетімсіз баспана, және табиғи ресурстардың азаюы – бұл мәселелердің бірқатары ғана. 11-ші тұрақты даму мақсаты – қалалар мен қауымдастықтардың тұрақты дамуы тек инфрақұрылымдық өзгерістерді ғана емес, сондай-ақ адамдардың ойлау жүйесін де өзгертуді талап етеді. Әлемдік және жергілікті деңгейде бірігіп жұмыс істеу арқылы біз қалаларды баршаға қолайлы әрі қауіпсіз орынға айналдыра аламыз. Қалалардың дамуы—адамзаттың болашағы.
Жайнақ А.Е
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Заң факультеті мемлекет және
құқық теориясы мен тарихы,
конституциялық және әкімшілік
құқық кафедрасының аға оқытушысы