12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Су мәселесі – жалпыадамзаттық проблема

Су – тіршілік көзі. Адамзаттың өмірі мен дамуы тікелей осы ресурсқа тәуелді. Бірақ XXI ғасырда су мәселесі жаһандық деңгейде өзекті болып отыр. Климаттық өзгерістер, халық санының өсуі, ресурстардың тиімсіз пайдаланылуы және ластануы – бұл факторлардың барлығы су тапшылығын күшейтіп, көптеген елдерде әлеуметтік, экономикалық және экологиялық дағдарыстарға алып келуде.Су тек ішуге ғана емес, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, энергетика және экожүйелердің тұрақты қызмет етуі үшін де қажет. БҰҰ деректеріне сәйкес, әлем халқының 40%-дан астамы су тапшылығын сезінеді, ал 2 миллиардтан астам адам таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Бұл көрсеткіштер уақыт өте келе нашарлай бермек. Осы жайтты ескере отыра,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының білім алушыларымен осы тақырыпты кеңінен талқыладық.Студенттер су тапшылығының  негізгі себептерін айтып өтті.

1.Климаттың өзгеруі

Климаттың жаһандық жылынуы салдарынан құрғақшылық пен су тасқындары жиілеп, су ресурстарының таралуы өзгеруде. Көптеген аймақтарда жауын-шашынның азаюы су қорының сарқылуына әкеліп соғады.

2.Халық санының өсуі

Жер бетіндегі халық санының артуы суды тұтынуды күрт өсірді. Әсіресе, урбанизация мен индустрияландыру су ресурстарына деген сұранысты арттырып отыр.

3.Ластану

Өнеркәсіптік қалдықтар, ауыл шаруашылығында пайдаланылатын тыңайтқыштар мен пестицидтер, тұрмыстық қалдықтар су көздерін ластауда. Бұл жағдай тек ресурстың көлеміне ғана емес, сапасына да зиян тигізеді.

4.Суды тиімсіз пайдалану

Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларында суды ұтымсыз қолдану ресурстың ысырап болуына әкелуде. Мәселен, дәстүрлі суару әдістері су шығынын едәуір арттырады.Осы сынды себептерді айта отырып,білім алушылар су мәселесін ұзақ зерттедік.

         Су тапшылығы экономикалық дамуға, денсаулық сақтауға, азық-түлік қауіпсіздігіне және экожүйелердің тұрақтылығына үлкен әсер етеді:

•Таза судың жетіспеушілігі жұқпалы аурулардың таралуына себеп болады.

•Судың жетіспеушілігі өнімділікті төмендетіп, азық-түлік тапшылығына әкеледі.

•Экожүйелер: Өзендер мен көлдердің құрғауы биоәртүрлілікке қауіп төндіреді.Су мәселесі – тек бір елдің немесе аймақтың емес, бүкіл адамзаттың ортақ проблемасы. Бұл мәселені шешуде тек мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар ғана емес, әр адам атсалысуы тиіс. Сарапшылардың айтуынша, жер бетінде 780 миллионнан астам адам таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Ал 1,7 миллиард адам тұщы су көздеріне зәру. Әлемде жыл сайын таза судың жоқтығынан, соның салдарынан болатын антисанитариядан мыңдаған адам көз жұмады. Оның көбі – балалар. Сол себепті де, «Тұрақты даму мақсаттары» 6-мақсаты су мәселесі.Яғни,әлем бойынша су мәселесі өзекті. Жасанды су көздерін, оның ішінде шахта құдықтары мен су жинау ұңғымаларын салу есебінен Қазақстанның жайылым аумақтарын сумен қамтамасыз етуді жақсарту қажет. Өнеркәсіптің суды көп қажет ететін салаларында айналымды және тұйық сумен жабдықтау жүйесін енгізу және коммуналдық шаруашылық объектілерін, оның ішінде жерасты сулары есебінен басым тұрақты сумен жабдықтауды қамтамасыз ету аса маңызды мәселенің бірі.

Смагулова С.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушы

Денсаулық – өмірдің мәні, ұлт саулығы – басты байлық

    Денсаулық – адам өмірінің ең қымбат байлығы. Ол...

Кедейлік — жалпыадамзаттық мәселе

Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) ең алғашқысы – «Кедейлікті жою»,...

Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарының бұзылуының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша...

Привлечение к общественным работам – польза обществу

За совершение уголовных проступков существует мера наказания - как...

“Семьи разные нужны — семьи разные важны”

26 ноября 2024 года в столичной колонии психологом учреждения...