Қоғамдық жұмысқа тарту – қоғамға пайдалы

Қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қолданылатын  жазаның  қолданылу тәртібі, яғни, қоғамдық жұмыстарға тарту- Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 43 бабында көзделген. 

Қоғамдық жұмыстарға  тарту  түріндегі жаза  сотталған адамның белгілі бір біліктілікті қажет етпейтін, тегін қоғамдық пайдалы жұмысты орындаудан тұрады және оны жергілікті атқарушы органдар оның тұрғылықты жерінде орналасқан қоғамдық орындарда  ұйымдастырады.

Сотпен қоғамдық жұмыстарға сотталған адамдар жазасын бірнеше сағат бойы өтейді, олар көшелерді тазалау, саябақтарды абаттандыру, ағаштарды суару, жолдарды тазалау және т.б.
Қоғамдық жұмыстарды орындаудан басқа, кері жағы да бар – ол жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік, бұл қоғамдық жұмыстарды орындаудан бас тарту, акогольдік мас күйінде жұмыс орнына келу, пробация қызметінің бақылауынан жасырыну, Қазақстан Республикасы аумағынан кету (Қылмыстық атқару кодексінің 60 бабы).
Өкінішке орай, жұмыс жасағысы келмейтін және  жасырынып жүрген тәртіп бұзушылар көпшілікті құрайды.

Мәселен, ағымдағы жылдың басынан Қонаев қаласының пробация қызметінде қоғамдық жұмыстарды атқару жазасы тағайындалған 5 сотталған  тіркелген,  олардың ішінде  4 – сотталған өз жазаларын уақытымен орындап  есептен  шығарылса, ал 1 – сотталған  сотпен тағайындалған жазаны орындамай жалтаруына байланысты, қоғамдық жұмыстары бойынша  жазалары қамаққа алу түріне алмастырылды.

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне хат жазды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай осужденные написали письма ветеранам Великой Отечественной войны

В учреждении максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №79...

Мерекелік концерт өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау...