Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауытын қай жерде салу жоспарланған?

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев тағы бір мұнай өңдеу зауытын салу жоспары туралы пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр жаңа МӨЗ-дің қай жерде пайда болуы мүмкін екенін де айтты.

«2030 жылдан кейін төртінші мұнай өңдеу зауытын салу жоспарда бар. Әрине, МӨЗ салу туралы түпкілікті шешімге алдын ала факторлар әсер етеді. Көліктерді электрлендіру қарқыны, тұтыну деңгейі және экспорттық мүмкіндіктеріміз маңызды. Біз өнімнің бір бөлігін экспортқа шығаруды жоспарлап отырмыз. Бұл жай ғана мұнай өңдеу зауыты емес, толыққанды газ-химиялық кешен болады. Алдын ала қарастырылып отырған алаң – Батыс Қазақстан», – деді Сәтқалиев Мәжілістегі брифингте.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.