Елімізде қандай мамандар жетіспейді?

Қазақстанда бір маман бойынша 469 бос жұмыс орнына небәрі 100 түйіндеме түскен, ал IT мен медицина саласында кадр тапшылығы бар. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Дәрігерлерге сұраныс көп

Enbek.kz порталының деректеріне сәйкес, 2026 жылдың басынан бері елде медицина саласының бірнеше мамандығы бойынша бос жұмыс орындарының саны түйіндемелерден әлдеқайда көп болған.

Мәселен, акушер-гинеколог мамандығы бойынша 469 бос жұмыс орнына 100 түйіндеме тіркелген. Педиатрларға арналған 448 вакансияға 139 түйіндеме, ал анестезиолог-реаниматолог мамандығы бойынша 300 бос орынға небәрі 75 түйіндеме ұсынылған.

Онколог, неонатолог және эндокринолог мамандарына да сұраныс бар. Бұл денсаулық сақтау саласында білікті кадрларға сұраныс әлі де өзекті екенін көрсетеді.

IT және креатив индустрия мамандары да қажет

Кадр тапшылығы тек медицина саласымен шектелмейді. Ақпараттық технологиялар бағытында да мамандарға сұраныс артып отыр.

Министрлік мәліметінше, қолданбалы бағдарламашыларға арналған 509 бос жұмыс орны, ал графика дизайнерлеріне арналған 355 вакансия тіркелген.

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінің деректеріне сәйкес, сұраныс бар мамандар бойынша 45 мыңнан астам еңбек шарты жасалған. Оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілерге шамамен 8 мың, акушер-гинекологтарға 4,6 мың, педиатрларға 4,1 мың және қолданбалы бағдарламашыларға 3,5 мың еңбек шарты тиесілі.

Шетелдік мамандарды жұмысқа тарту тәртібі жеңілдетілген

Білікті кадрларды жұмысқа тарту үшін Қазақстанда сұраныс көп 50-ден астам мамандық бойынша шетелдік мамандарды жұмысқа орналастырудың жеңілдетілген тәртібі қолданылады. Тізімге ақпараттық технологиялар, денсаулық сақтау, инженерия және креатив индустрия салаларындағы білігі жоғары мамандар енгізілген.

Аталған мамандықтар бойынша шетелдік мамандарға Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу мүмкіндігі қарастырылған. Министрлік дерегіне сәйкес, шетелдік жұмыскерлермен 55 еңбек шарты рәсімделген. Олардың басым бөлігі автоматтандыру инженерлері мамандығына тиесілі.

2025 жылы да сұраныс көп болған

Enbek.kz порталында 2025 жылы сұраныс бар мамандықтар бойынша 9 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланған. Онда медицина қызметкерлері еңбек нарығында сұраныс көп мамандар қатарында қалған.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.