Алматыда рұқсатсыз салынған сауда орындарын бұзу басталды

Алматының Түрксіб ауданындағы Қайрат шағынауданында заңсыз салынған сауда орындарын бұзу жұмыстары басталды. Нысандардың жалпы аумағы 56,4 мың шаршы метр болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Сауда орындары рұқсат құжаттарынсыз салынған

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, тексеру барысында «Статус Construction» ЖШС рұқсат құжаттарынсыз жалпы аумағы 56,4 мың шаршы метр болатын сауда орындарын салғаны анықталған.

Осыған байланысты меншік иесіне қатысты әкімшілік шара қолданылып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Алайда нұсқама талаптары орындалмаған.

Сот шешімі өзгеріссіз қалды

Осыдан кейін қала құрылысын бақылау басқармасы заңсыз нысандарды бұзу туралы талап арызбен Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінген. Сот талқылауларының нәтижесінде Алматы қалалық соты мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың заңсыз нысандарды бұзу туралы шешімін өзгеріссіз қалдырған. Іс материалдары сот шешімін орындау үшін Әділет департаментіне жолданған.

Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, сот шешімін орындау мақсатында меншік иесі нысандарды бұзу жұмыстарын өз бетінше бастаған.

Еске салайық, Алматыда Төле би көшесінің оңтүстігінде, Момышұлы көшесінің шығысында орналасқан қызмет көрсету нысандары бар заңсыз салынған аялдама кешені бұзылды. 

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.