1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні балалар колониясында аталып өтті

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің  №11 мекемесінде  жазасын өтеп жатқан жасөпірімдер арасында 1 желтоқсан –Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне орай, мекеменің медицина бөлімінің дәрігері С.Т Таласбаевтың ұйымдастырумен «Равный-равному» мемлекеттік емес ұйымының тинейджерелері іс-шара өткізді.

Іс шара барысында АИТВ инфекциясының берілу жолдары мен одан  қалай алдын-ала   сақтану шараларын түсіндіріп, нашақорлық туралы дәрістер өткізіп, шағын саханалық қойлымдар көрсетті.

Сонмен қатар мекеменің жазасын өтеуші жасөпірімдер ЖИТС-ке тақырыбына арнап, салған қабырға газеттерін қорғап, түсіндіріп берді.

«Равный-равному» мемлекеттік емес ұйымының тинейджерелері сурет салған жасөспірімдерге салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, спорттық киімдер, керекті құрал жабдықтар сыйға тарту өтті.

Іс шара соңында мекемеге келген қонақтарға алғыс білдіріп, мекеме бастығы әділет полковнигі Сулейменов Алмат Битимбекович  жасөспірімдерді зиянды жат қылықтардан  аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

                                                                           №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...