Түзеу мекемесінде сотталған азаматтар үшін кітап көрмесі ұйымдастырылды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мемлекеттік мекемесінде Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері сотталғандарға «Дін және тарихи тағылымы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты сотталған азаматтарды кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және кітапхана қорындағы жаңадан келіп түскен әдебиеттер туралы ақпараттар беру. Сонымен қатар сотталғандардың діни сауаттылығы мен тарихи таным түсінігін кеңейту мақсатанда жүзеге асырылды.
Кітапхана қызметкерлері «Дін және тарихи тағылымы» тақырыбы аясында кең көлемде ақпараттар беріп өтті.
Кітап оқу зейініңді ашып, өзіңді тануыңа жол ашады. Бүгінгі көрмеден бірталай кітаптарға көңіліміз ауды, солардың ішінен «Тарихи рашиди», «Абылайхан», «Шыңғысхан» сынды тарихи және діни кітапарды оқуды алдағы уақытта жоспарлап отырмын,- деді сотталушы.
-Жалпы, түзеу мекемесіндегі бас бостандығынан айырылған азаматтар біз жүрген сыртқы әлемге шықпайды , шығарылмайды. Сондықтан болар, басқа алаңдайтын, елітетін ештеңе жоқ, сабақтарына барады, кітапханаға кіреді, көркем шығармалар оқиды, осындай танымдық, көпшілік іс-шарарларға белсене қатысады. Осы орайда Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлеріне алғыс айтамыз-деді мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі

Өскенбаев Алтынбек Тұрарбекұлы
№60 мекеме

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне хат жазды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай осужденные написали письма ветеранам Великой Отечественной войны

В учреждении максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №79...

Мерекелік концерт өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау...