12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бейбітшілік, сот төрелігі — ел үшін маңызды құндылық

     Адамзат тарихының негізгі құндылықтарының бірі – бейбітшілік пен әділеттілік. Бұл құндылықтар адамзат қоғамының тұрақтылығы мен үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді. Әлемнің кез келген мәдениеті мен діні бейбіт өмір сүруді және әділдікті дәріптейді. Бүгінгі таңда бейбітшілік пен сот төрелігінің рөлі, маңызы және оларды қорғаудың жолдары туралы ойлану әрбір азаматтың міндеті.Бейбітшілік — бұл соғыссыз, қақтығыссыз өмір сүру ғана емес, бұл адамдар арасындағы татулық, ынтымақтастық пен өзара сыйластықтың белгісі. Бейбіт қоғамда адам құқықтары мен еркіндіктері сақталады, әрбір адам өз өмірін қауіпсіз және үйлесімді жағдайда құруға мүмкіндік алады.Қоғамдағы түрлі топтар арасындағы түсіністік бейбіт өмірдің басты шарты. Халықаралық деңгейде бейбітшілікке қол жеткізу үшін елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас нығаюы керек.Әртүрлі мәдениеттер мен діндерді құрметтеу-бейбітшілікті сақтаудың маңызды жолы.Дағдарыстарды алдын алу үшін қоғамда теңдік пен әділеттілік орнату қажет.Сот төрелігі – заң үстемдігін қамтамасыз ететін, адамдар арасындағы теңдік пен әділдікті сақтайтын механизм. Әділдік орнаған қоғамда адамдар заң алдында тең дәрежеде және өз құқықтарын қорғауға құқылы. Сот төрелігі қоғамның дамуына, тұрақтылығына және құқықтық тәртіпке негіз қалайды.

    Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)» — бұл Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер 2030 жылдың соңына дейін қол жеткізуге бағытталған мақсаттарды қамтитын әмбебап әрекетке шақыру. БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 16-мақсаты – «бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттарды қамтамасыз ету». Бұл мақсаттар арқылы халықаралық қауымдастық әлемдегі қақтығыстарды болдырмауға, сот жүйесін жақсартуға және адам құқықтарын қорғауға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруда.Тұрақты даму мақсаттарына жету үшін ең бастысы ел ішіндегі татулық маңызды. Тұрақты даму мүддесіне орай бейбіт және ашық қоғам құруға жәрдемдесу, барлық адамдар үшін сот әділдігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және оған негізделген мекемелер құру. Кез-келген елдің тілегі де, оның арманы да халқының бейбітшілігін сақтау екені сөзсіз. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы болашақ заң саласының мамандарына

1.Заң барлығына бірдей қолданылуы тиіс;

2.Сот процесі әділ, ашық және бейтарап болуы қажет;

3.Әр адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары сақталуы керек деген ұғымдарды жиі айтамыз.Бейбітшілік пен сот төрелігі өзара тығыз байланысты. Әділдік жоқ жерде қақтығыстар, әлеуметтік теңсіздік және тұрақсыздық орын алады. Ал бейбітшілік орнаған қоғамда сот төрелігінің тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасалады.Бейбітшілік пен сот төрелігі- адамзат баласы үшін мәңгілік маңызы бар құндылықтар. Оларсыз қоғамның тұрақтылығы мен дамуы мүмкін емес. Әрбір азамат бейбіт өмір сүруге, әділетті болуға және осы құндылықтарды дәріптеуге үлес қосуы қажет. Бейбітшілік пен сот төрелігін қорғау арқылы біз әділетті әрі тұрақты әлемді бірге құра аламыз.

Куаналиева Г.А

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі,з.ғ.д.,профессор

Май С

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының білім алушысы

Мемлекеттік тіл мерейім!

Мемлекеттік тілге деген құрмет ауыз екі тілде қазақша таза...

Қызылорда да сотталғандар ұлттық ойыннан сынға түсті

Қылмыстық-атқару саласына қарасты №68 мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар...

СИЛА ЖЕНЩИНЫ: ПОБЕЖДАТЬ, ВДОХНОВЛЯТЬ, ЖИТЬ

19 ноября в Алматы в рамках проекта «Розовый октябрь»...

«Заманға сай жасstar!»

Жазалы жасөспірмдер арасында «Заманға сай жасstar!»  атты көңілді  тапқырлар...

СОТТАЛҒАН БАЛАЛАР ДӘРІГЕРЛІК ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №11 мекемесінде аса ауыр...