Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, соңғы онжылдықта антиретровирустық терапия (АРТ) әлемде бұрын-соңды болмаған деңгейде кең таралып, АИТВ-мен өмір сүретін миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді. АИТВ инфекциясын емдеуге арналған дәрілерді қолданудың кеңеюімен бірге АИТВ-ның дәрілік препараттарға төзімділігі де арта түсті, ал оның ауқымы соңғы жылдары үнемі өсіп келеді. Вирус жүктемесін басу, ол АРТ-ның басты мақсаты болып табылады, АИТВ-ның дәрілік төзімділігінің дамуын болдырмауға айтарлықтай үлес қосады. Вирус жүктемесін тұрақты түрде басуға қол жеткізілген кезде, дәрілік төзімділігінің қалыптасу ықтималдығы азаяды. 2016 жылғы 8-10 маусым аралығында Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының АИТВ/ЖИТС эпидемиясын тоқтату мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі кеңесі барысында БҰҰ-ға мүше елдер, соның ішінде Қазақстан Республикасы, АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша Саяси декларацияны қабылдады. Бұл декларация «Жеделдету стратегиясына» сәйкес АИТВ-мен күресті күшейту және ЖИТС эпидемиясын 2030 жылға қарай тоқтату мақсаттарын көздейді.
«Жеделдету стратегиясының» негізгі элементтерінің бірі «90-90-90» мақсаттары болып табылады, олар:
- АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 90%-ы өздерінің статусын білетін болады;
- АИТВ диагнозы қойылған науқастардың 90%-ы антиретровирустық терапия алатын болады;
- АРТ алып жүрген пациенттердің 90%-ында вирус жүктемесі басылады, яғни қан құрамындағы вирус деңгейі анықталмайтын шекке жетеді. Бұл АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға вирусты басқа адамдарға жұқтырмауға және өз өмірінің сапасы мен ұзақтығын жақсартуға мүмкіндік береді.
Қазақстанда «90-90-90» мақсаттарына 2020 жылға дейін қол жеткізу үшін ЮНЭЙДС стратегиясына сәйкес жаңа АИТВ инфекциясының алдын алуға бағытталған жедел шаралар бағдарламасының жобасы әзірленді, сонымен қатар оны жүзеге асыруға арналған «Жол картасы» жасалды. Бұл жоба мен «Жол картасы» халықаралық ұйымдардың мақұлдауына ие болды.
Жол картасының бірінші бағыты – «Стигма мен кемсітушіліктің профилактикасы, үкіметтік емес ұйымдарды дамыту». Адамдардың денсаулығы мен өміріне әсер ететін кемсітушілік және жазалау заңдарының күшін жою, халықтың хабардар болуын арттыру жөніндегі іс-шаралар өткізіледі, атап айтқанда:
Жол картасы іс-шараларын іске асыру тестілеуге кең қолжетімділікті және Қазақстан Республикасының азаматтарын еммен қамтамасыз етуге, АИТВ инфекциясының таралуын тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік береді және 2026 жылға қарай Жаһандық стратегия мақсаттарына қол жеткізуге әкеледі.
А. Масалимов, ШЖҚ «Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМК директоры