Ұлттық компаниялар табысы жайлы Парламентке есеп беруі тиіс — Нұртай Сабильянов

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов мемлекеттің қатысуымен құрылған компаниялар Парламентке есеп беруі тиіс әрі осындай талапты заңға енгізу мәселесі қазір қаралып жатқаны туралы  айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет туралы massaget-тің YouTube арнасына Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов сұхбат берген болатын.

Нұртай Сабильяновтың айтуынша, Мәжіліс депутаттары ұлттық компаниялардың таза табысының 80%-ын мемлекетке дивиденд ретінде төлеуді ұсынады. Оның пікірінше, бұл қадам бюджетті толықтырып, елдің қаржылық жағдайын жақсартуға көмектеседі. Бірақ Үкімет оны 50 пайыз межесінде болуы тиіс деп есептейді. Оның келтірген мәліметі бойынша «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының табысы тиісті бақылауға алынбай отыр.

«Өйткені «Самұрық-Қазына» өз есебінен әртүрлі іс-шараларға былтырдың өзінде 140 млрд теңге жұмсады. Бұл қаражат өзінің дамуына емес, экономикаға емес, спорт командаларына демеушілік жасау үшін ғана жұмсалды. Бұл халықтың ақшасы. Бұл тек халықтың бақылауында болуы керек», — дейді Сабильянов мырза.

Айта кетейік, квазимемлекеттік сектордан түсетін таза табыстан дивиденттің қазынаға берілетін белгілі бір мөлшері жоқ. Қазіргі заңнамаға сәйкес оның көлемін бас құрылтайшы ретінде Үкімет белгілейді. 

«Мемлекеттің қатысуымен құрылған компаниялардың парламентке есеп беруін қамтамасыз ету мақсатында біз осының бәрін қарастырып, ұсыныс енгізіп жатырмыз. Сол арқылы қаражатты бақылауды қолға алуымыз керек», — деді Сабильянов.

Мұндай қадамға мәжіліс депутаттары республикалық бюджетке түсімдерді арттыру үшін барғалы отыр. Өйткені таяуда 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды талқылау кезінде қазынаның кірісінен шығысы (түсімдер 21,7 трлн теңге болса, шығын 25,8 трлн теңге) басым екені белгілі болды. Тапшылық —  4 трлн 1 млрд теңге. Бюджет бүйірін толтыру үшін 2025 жылға Ұлттық қордан 5,3 трлн теңге бөлініп отыр.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.