Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметінің полицейлері көшелерде және қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың, оның ішінде вандализм мен ортақ пайдаланылатын орындардың ластану фактілерінің алдын алу қызметін жалғастыруда.
Мәселен, полицейлерге Жедел басқару орталығынан Түркістан қаласы көшелерінің бірінде «Газель» жүргізушісі темекі тұқылын тастағаны туралы дабыл келіп түсті. Ортақ пайдалану орынын ластағаны үшін құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жалпы полиция қызметкерлері облыс орталығының аумағында профилактикалық іс-шара өткізу кезінде 150-ден астам түрлі құқық бұзушылықтарды анықтап, олар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары облыс орталығы тұрғындары мен қонақтарын тәртіпті сақтауға, қоғамдық орындарды ластамауға және жолдарда мұқият болуға шақырады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі