Рахымжан Қошқарбаевқа 100 жыл: Жеңісті жақындатқан батыр

Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысының Ақмола ауданында дүниеге келген. Ол екінші дүниежүзілік соғыс майданына 18 жасында аттанып, Одер мен Шпрее өзендерін басып алуға қатысқан. Жасына қарамастан, оның ерлігі мен батылдығы соғыстың ең шешуші кезеңдерінде көрінді. Ұлы Отан соғысының соңғы күндері Берлин үшін күрестің ең шешуші сәті болды. Сол күні қазақстандық лейтенант Рахымжан Қошқарбаев пен жауынгер Григорий Булатов Рейхстагқа жеңіс туын тікті. Бұл оқиға Кеңес Одағының жеңісі мен екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуын бейнелеген аса маңызды символға айналды. Алайда Қошқарбаевтың ерлігі ұзақ уақыт бойы лайықты бағаланбады. Қазақ батырының тарихи маңызға ие аса бағалы ерлігін ресми Мәскеу бағалағысы келмеді. Герман төріне жеңіс туын өзге ұлт батыры қадады дегенді айтқылары келмеді. Тіпті кешеге дейін екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы осылай жазылып келген еді. Яғни, қызыл туды Рейхстагқа тіккен грузин жауынгері Мелитон Кантария және Егоров деп айтылып келді. Рейхстагқа тудың екі рет тігілгені де айтылмай келді. Өйткені, сол кездің саясатына мүлдем сай келмейтін.

          Шындығында, Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов Рейхстагқа дейінгі 300 метр қашықтықты 7,5 сағат жүріп өткен. Межеге жеткен кезде Григорий Рақымжанды иығына салып көтеріпті, ту барынша жоғары желбіресін деген ой болған көрінеді.

          1960 жылдардан бастап Кеңес Одағында Рейхстагқа ту тігудің шынайы тарихы туралы сұрақтар көтеріле бастады. Тарихшылар мен зерттеушілер бұл оқиғаның егжей-тегжейін қайта қарастырып, архивтік құжаттарды зерттей бастады. 1965 жылы Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті Рахымжан Қошқарбаевқа лайықты марапат беруді сұрап, Мәскеуге бірнеше рет өтініш жасады. Бірақ бұл өтініштер жауапсыз қалды. Осы жылдар ішінде көптеген қазақстандық журналистер, жазушылар, ғалымдар Қошқарбаевтың ерлігін тану жолында күресті. Солардың қатарында Мұхтар Құл-Мұхаммедтің еңбегі ерекше орын алады. Ол Қошқарбаев пен Булатовтың ерлігін архивтік құжаттар арқылы дәлелдеп, бұл оқиғаны кеңестік тарихтағы әділетсіздіктердің біріне айналғанын анықтады. Ол Рахымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтың Рейхстагқа ту тіккені туралы көптеген құжаттар мен деректерді жарыққа шығарды.

Рахымжан Қошқарбаевтың есімі тек Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейін ғана тиісті деңгейде мойындалды. 1999 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қошқарбаевқа жоғарғы ерекшелік белгісі «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол койды. Жарлықта 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевқа жоғарғы ерекшелік белгісі — «Халық қаһарманы» атағы берілсін деп көрсетілген. Аталған құжат ҚР Президенті Архівінің қорларында сақтауда тұр.

Айгерім Ізән

Фотоқұжат ҚР Президенті Архивінің қорынан алынды

Қазақстан орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған...

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...

Реформалар жұмыс сапасын жақсартуды көздейді

Мемлекет басшысы айтқандай «Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның қызметімен қатар, сот отырысының...

Жошы  Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудің жаңа кезеңі басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы...