Медеудегі ICE Party: Алматының 1000-нан астам жастары Студенттер күнін атап өтті

17 қараша Медеу мұз айдынында Халықаралық студенттер күніне арналған ICE Party өтті. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған бұл іс-шара «Almaty Student’s Week» апталығы аясында өтіп, қаладағы 1000-нан астам жоғары оқу орнының студенттерін біріктірді.

Мерекелік кеште студенттер үшін мұз үстінде қызықты конкурстар, интерактивті ойындар және флешмоб ұйымдастырылды. Шара барысында жас өнерпаздар өнер көрсетіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар студенттерге тегін ыстық шәй мен тіскебасарлар таратты.

«Студенттік өмір – бұл батыл шешімдер мен жаңа мүмкіндіктер кезеңі. Мұндай іс-шаралар студенттердің бірлігін нығайтып, ортаны кенейтуге көмектеседі. Алматы жастарының қала өміріне белсенді атсалысып жатқаны қуантады, біз оларды әрдайым қолдауға дайынбыз. Барша Алматы қаласы студенттерін мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын», — деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Айта кетейік, «Almaty Student’s Week» апталығы аясында қаламызда 30 түрлі форматтағы іс-шаралар өтті.

Жазбаша іс жүргізу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 12-тарауында әкімшілік істерді оңайлатылған...

Еріктілер кеңесі мүшелері ардагерді құттықтауға қатысты

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері Анатолий Назарович...

Құқық пен әділет жолына ғұмырын арнаған судья – Абжанов Ербол Тюлюгазинұлы 60 жаста

Құқық қорғау және сот жүйесінде абыройлы қызмет атқарып, кәсіби...

Тілге құрмет – елге құрмет

Біздің  тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл...

ӘРПК: Азамат құқығын қорғаудағы жаңа кезең

Қазақстанда құқықтық реформалардың маңызды бағыттарының бірі — азаматтардың құқықтары...