2025 жылдан бастап қазақстандық фермерлерге субсидия беру тоқтатылады

Келесі жылдан бастап ауыл шаруашылығымен жұмыс істеуді жергілікті әкімдіктер жүзеге асырады, ал өтінімдер жеке қаралатын болады. 2025 жылы қаржының жетіспеушілігіне байланысты фермерлерге субсидия берілмейді деп мәлімдеді Мәжілістің кеңейтілген отырысында  премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жұманғаринның айтуынша, фермерлерге тек 5%-дық несие беріледі, ал субсидиялау тарихы келесі жылдан бастап жабылады. Субсидияларды жергілікті әкімдіктер жалпы трансферттер арқылы жүзеге асырады, ал субсидиялар жүйесі жинақталған қарыздар мен қаржы тапшылығына байланысты тоқтатылады.

«Шынын айтқанда, келесі жылы біз қаржылық субсидия бермейміз. Барлығы. 5%-дан аспайтын несие ғана береміз, болды. Субсидияларға келсек, бұл жерде әкімдіктер өздері жұмыс істейді. Жалпы сипаттағы трансферттер болады. Мысалы, олар (фермерлер – ред.) жүйеге кіргенде, кезекке тұрады, сөйтіп, барлық субсидияларды соларға береміз, ал келесі қарыздарымыз қалып қояды, бұл жүйе осылай көп жылдан бері жұмыс істеп келеді, оны тоқтатуымыз керек. Қалай тоқтатамыз? Кезек арқылы. Себебі қаржы жоқ, субсидия бөлінбейді. Келесі жылы бұл жүйені жабамыз», — деді вице-премьер Мәжілістің аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында.

Айта кетейік, осы жылы фермерлерді субсидиялау үшін бюджеттен 1 миллиард доллар жұмсалды. 2024 жылғы қазан айынан бастап «Россельхознадзор» бидай, қауын, бұрыш және қызанақ импорттауға тыйым салды.

Қазақстанда 5 мыңнан астам оқушы жұмыс істеп жүр

Министрдің айтуынша, елімізде еңбек қызметіне рұқсат етілген 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдердің саны 1,7 миллионға жетеді.

Елімізде көмірден газ бен дизель отыны өндірілмек 

Қазіргі уақытта елде көмір химиясы саласындағы үш ірі жоба жүзеге асырылуда.

Ұлттық қор, тегін тамақ және жазғы демалыс: Қазақстан балаларына қандай жағдай жасалған? 

Қазақстанда балалар саны 6,9 миллионнан асты. Мемлекет білім беру, әлеуметтік қолдау, қауіпсіздік және денсаулық сақтау бағыттарында жаңа бастамаларды іске асырып жатыр.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Балаларды қорғау күнімен құттықтады

Президент биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының іске асырыла бастағанын айтып, жас ұрпақты қолдау Әділетті әрі Озық Қазақстанды құру жолындағы негізгі басымдықтардың бірі болып қала беретінін жеткізді.