Ипотекаға үй сату мүлік иесі үшін қаншалық тиімді?

Елде кез келген азамат баспананы қолма-қол ақшаға сатып ала алмайды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, Қазақстандағы әрбір үшінші пәтер ипотекаға сатып алынған. Ал жылжымайтын мүлігін ипотекаға сату үй иесіне қаншалық тиімді? Massaget.kz тілшісі зерттеп көрді.

Ең алдымен мұндай мәміленің бірқатар ерекшелігі барын ескерген жөн. Яғни кез келген баспана ипотекаға өтпейді, оған қоса банк ипотекалық несиені алдын ала мақұлдағаны жөн, бірақ бұл да кепілдік емес. Заңды рәсімдер мен сатып алу-сату шарты әдеттегіден өзгеше болады. Пәтерге төленетін ақша да қолма-қол ақшамен сатып алушыға сатылғаннан гөрі ұзаққа созылады.

Жылжымайтын мүлік қандай жағдайда ипотекаға өтпеуі мүмкін?

  • техникалық паспортқа сәйкес келмесе, яғни үй/пәтердің жоспары өзгеріп, ол заңдастырылмаса;
  • ғимараттың соғылғанына 50-55 жылдан асып кетсе немесе оның физикалық тозуы 50-60 пайыздан асса;
  • ғимарат қам кірпіштен соғылса, кейбір аймақтарда ағаш жабынмен қапталса;
  • коммуникация мен инженерлік жүйелерді жеткізу проблемалары бар болса;
  • мүлікке тыйым салынса немесе басқа шектеулер болса;
  • коммуналдық қызметтерге үлкен қарызы болса;
  • жылжымайтын мүлік тұрғын үйге жатпаса;
  • жылжымайтын мүлік пәтер емес (пәтердің бір бөлігі, жатақхана бөлмесі, коммуналдық бөлме);
  • ипотекалық несие беретін банктің басқа да шектеулеріне сай келмесе.

Дегенмен егер жылжымайтын мүлік ипотекаға өтетін болса, оны сату мүмкіндігі көбірек, ал бағасы жоғары болуы мүмкін.

Ипотекаға үй сататын кезде неге мән беру керек?

Мүлкіңізді сатып алуға ниетті адамның банктен ипотекалық несиені алдын ала мақұлдауы бар-жоғына назар аударыңыз. Қазақстанда ипотекаға несие беретін банктен басқа екінші дәрежелі банктер де алдын ала мақұлдау береді. Егер сатып алушы банктің оған несие беретініне нақты көз жеткізбей пәтер іздеп жүрсе, мүлік иесінің уақыт жоғалтып алу қаупі жоғары.

Заңды рәсімдер қалай жүзеге асырылады?

Бірінші қадам, мүлік иесі үйді сатып алушыдан бөлек, бағалаушыға көрсетеді. Бағалаушы тексеру жүргізеді, суретке түсіреді, нақты деректерді құжаттармен салыстырып, акт жасайды. Бұл 5 күнге дейін созылуы мүмкін. Сатып алушы бағалаушының қызметіне ақы төлейді, сөйтіп құжат дайын болғанда сатып алушы банкке бағалау актісін жібереді.

Екінші қадам, банкке актіден басқа техпаспорттың және құқық белгілейтін құжаттың (сатып алу-сату шарты, сыйға тарту, мұра және т.б.) көшірмелері, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке техникалық жай-күйі және кепілде тұрмауы туралы анықтама қажет болады.

Үшінші қадам, тағы бірнеше күн банктің құжат қарауына кетеді. Сөйтіп баспана құжаты барлық шартқа сай болса, сатып алушыға ипотека беруге рұқсат беріледі де, оған кепілдік хат табысталады. Бұл мәмілені рәсімдеу үшін қажет.

Төртінші қадам, сатып алу-сату шартының қорытындысы. Сатып алу-сату шартына міндетті түрде банктің кепілдік хаты қоса беріледі.

Бесінші қадам, мүлік иесі мен сатып алушы нотариуске барып, сатып алу-сату шартын жасайды, қажетті құжатқа қол қояды, ал нотариус бәрін тіркеуге жіберді. Шартта сіздің шотыңыздың нөмірі көрсетіледі, оған банк мәмілені тіркегеннен кейін сізге ақша аударады. Алайда қаражат бірден емес, ДКП тіркелген күннен бастап, 14 күн ішінде түседі.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.