Перизат Қайрат 1,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

ҚМА еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА мәліметінше, ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдікке ілінген.

«Қайырымдылықтың негізгі бөлігі қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатына пайдаланылды. Биыл көктемде ол елордадағы автосалондарда 88 млн теңгеге «Mercedes-Benz S450», 80 миллион теңгеге «Lexus LX-600» және 39 млн теңгеге «Haval» автокөліктерін сатып алды.

Осы кезеңде ол жалпы сомасы 600 миллион теңге болатын елорданың премиум санаттағы «Akbulak Riviera», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» ТК (тұрақ орындарын қоса алғанда), сондай-ақ «Vela Village» коттедж қалашығында жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қазақстандықтардың қайырымдылыққа жіберген қаражат есебінен Перизат Қайрат Дубай, Доха, Лондон және Стамбулдағы «St. Regis», «Shangri-La», «Palazzo Versace» және «Kempinski» сияқты бес жұлдызды қонақ үйлерде демалған.

«Бұл елдерде ол «Cartier» және «Louis Vuitton» сияқты брендтердің қымбат аксессуарлары мен зергерлік бұйымдарды сатып алып, фешенебельді мейрамханаларға барып, яхталарды жалдаған.

Қылмыстық схеманы жүзеге асыру үшін достары мен туыстарына 8 пайыз сыйақы беріп, қордың ақшасы қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Осылайша, Перизат Қ. өзінің заңсыз әрекеттерімен еріктілер қозғалысының беделіне нұқсан келтіріп, оның ашықтық пен адалдық принциптеріне күмән келтірді және халықтың сеніп тапсырған қаражатын талан-таражға салған».

Күдікті ұсталғаны айтылды.

«Егер сіз Перизат Қайраттың алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болсаңыз Қаржылық мониторинг агенттігіне немесе +7 (7172) 70-33-89 (қосымша 21384) телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз», — делінген ҚМА хабарламасында.

Мемлекет басшысы Alatau City жобасына қатысты ескерту жасады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ ЗАҢМЕН РЕТТЕЛУI КЕРЕК

Экологиялық қауіпсіздік мəселесі бүгінде əлемдік күн тəртібіндегі ең маңызды тақырыптың біріне айналды. Климаттың өзгеруі, өндірістік шығарындылардың артуы, тұрмыстық қалдықтардың көбеюі жəне табиғи ресурстарға түсетін салмақ мемлекеттерді экологиялық саясатты түбегейлі қайта қарауға мəжбүрлеуде. Қазақстан да бұл үдерістен шет қалып отырған жоқ.

Елімізде балаларға медициналық көмек көрсету тәртібі жаңарады 

Қазақстанда балаларға медициналық көмек көрсетудің жаңа моделі енгізіледі. Өзгерістер педиатрлар мен жалпы практика дәрігерлерінің жұмысына әсер етеді.

Биыл әскерге алынғандарға қандай жеңілдік бар?

Президент Жарлығына сәйкес 2026 жылғы 17 наурыз бен 30 маусым аралығында өтетін көктемгі әскерге шақыру науқаны әлі жалғасып жатыр.