Бүгін Абай облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің №20 мекемесінде, «Семей қаласының қалалық мәдениет сарайы» КМҚК, Абай облысы Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ММ жазасын өтеп жатқан сотталғандарға «Айналайн» атты концерттік бағдарламасы ұсынылды.
Концерттік бағдарламада әншілер, Әубәкіровтер отбасылық дуэті, «Үміт сәулелері» вокалдық ұжымы, «ARTIST»би ансамблі өнер көрсетті. Әншілер мен әртістер өз өнерлерімен жазасын өтеушілерге жақсы көңіл-күй сыйлады.
ҚМҮ әншілерінің орындауындағы Отан, махаббат және достық туралы рухани патриоттық әндер бей-жай қалдырмады.
-«Бас бостандығынан айыру орындарында осындай іс-шараларды өткізу сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады. Аталған іс — шаралар сотталғандардың мәдени деңгейін арттыруға бағытталған», — деп атап өтті бастықтың орынбасары Жеңісбек Дәуренбеков.
Шығармашылық қонақтарға қатысқаны және ынтымақтастығы үшін алғыс хаттар табысталды.
-«Әкімшілікке рахмет, музыканттар мен әншілерге рахмет, бәрі керемет болды, Мен алғаш рет тірі концертте болдым. Тағы да күтеміз», — деп мойындады сотталған.