Түзеу мекемесінде “Тәуекел” интеллектуалды ойыны өткізілді

Ағымдағы жылдың 11 қараша күні Атырау облысы бойынша ҚАЖД №79 әйелдер түзету мекемесіндегі «Жусан» операциясымен елге оралған экстремизм және терроризм бабы бойынша жазасын өтеушілермен «Тәуекел» интеллектуалдық ойыны өтті.
Мақсаты: ойынға қатысушылардың ой-өрісін кеңейту, әлем елдері, олардың халқы туралы білімдерін жалпылау, бекіту; логикалық, сыни тұрғыдан ойлауды, ерікті зейінді, есте сақтауды дамытуға ықпал ету; ойын элементтері, жарыстар және проблемалық мәселелер арқылы география, тарих ғылымдарына және ұлттық құндылықтар мәселесіне деген қызығушылығын арттыру; өмірді оның көп қырлы өлшемінде қабылдау қабілетін қалыптастыру, әр түрлі елдердің тұлғасына, салт-дәстүріне, мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Сайыс барысында
6 қатысушы екі адамнан 3 топқа бөлінді. Бірінші топ өздерін «Сакина», екінші топ «Аюп», үшінші топ «Жауғашты» деп атады.
Әділқазылар болып «Шапағат» қоғамдық қорының басшылары Данияр Шоқанұлы және Ринат Қалмазұлы сайланды.
​Ойын нәтижесі бойынша «Аюп» командасы 1-ші орын, «Сакина» 2-ші орын, «Жауғашты» 3-ші орынды иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
​Қатысушылар ойынның тартысты, қызық және ерекше болғанын айта отырып, ризашылықтарын білдірді.

Состоялась встреча осуждённых с представителями Реабилитационного центра «ЛУЧ»

В учреждении №20 состоялась встреча осуждённых с представителями Реабилитационного...