12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«АЛТЫН БАЛЫҚ ІЛІНЕТІН ҚАРМАҚ БЕР…»

«Даму» қорының қолдауымен Алматы облысында ШОБ кәсіпорындары 2010–2023 жылдары 1,3 мың жаңа жұмыс орнын ашты.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Алматы облысындағы филиалы жыл басынан бері шағын және орта бизнес кәсіпорындарына жалпы сомасы 113,63 млрд теңгеге қолдау көрсетті. Қор тарапынан қолдау тапқан жобалар саны 973-ті құрады. – 10 айдың қорытындысы бойынша «Даму» қоры субсидиялау құралы бойынша кәсіпкерлердің 619 жобасына 83,6 млрд теңге сомасына, кепілдік беру бағдарламасы бойынша 289 жобаға 20,76 млрд теңгенің, жеңілдетілген несиелеу бойынша 9,193 млрд теңгенің 65 жобасына қолдау көрсетті. Ал 2010–2023 жылдар аралығында қор арқылы мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлер 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашып, бюджетке 500 млрд теңгеге жуық салық төледі, – дейді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Алматы облысындағы филиалының директоры Абляхат Балтаев. А. Өркешұлының айтуынша, жұмыс орындары бойынша қордың қолдау көрсеткен кәсіпкерлерге қоятын өз талабы бар. Ол 2 жылда бар жұмыс орнын сақтап қана қоймай, оны ары қарай көбейту керек. Егер бұл талапты орындай алмаса алған субсидиясының кепілін «Даму» қорына қайтарады. Олар бүкіл қаржының 2-3 пайызын құрайды. Субсидиялау кәсіпкерлерге несие бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетуге және сәйкесінше ай сайынғы төлемдерін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл кәсіпкерлерге үнемделген қаражатты өз ісін дамытуға бағыттауға көмектеседі. Ал кепілдік құралы кепіл болмаған кезде бизнесті ашуға немесе дамытуға несие алу үшін банктер талап ететін кепіл береді. Қазір қор бағдарламаның 6 бағыты бойынша басымдыққа ие салалар арасында өңдеу өнеркәсібіне көп мән беріледі. Себебі, олар импорттық өнімдерді алмастыратын кәсіпорындар. «БІЗ КЛИЕНТКЕ ТЕК ҚАНА ХИМИЯ ЕМЕС, ШЕШІМ ДЕ ҰСЫНАМЫЗ» Мәселен, қор қолдауы арқасында кәсібін шағын бизнестен бастап, бүгінде орта кәсіпорын деңгейіне жеткен кәсіпорынның бірі «Goldman and Young» ЖШС-і. Өз қызметін 2004 жылы бастаған бұл компания 2012 жылдан бері тұрмыстық химия құралдары мен жуғыш заттарды өндірумен айналысады.

Онда тұрмыстық химияның 50-ден астам атаулы өнімдері шығарылады. Тізімде сусабындар мен еден жууға, кілем тазалауға, ыдыс жууға, ыдыс жуғыш машиналарға, кір жууға арналған және тағы басқа өнімдер бар. Компания бүгінгі таңда өз өнімдеріне қажетті пластмасса бұйымдарын (канистрлер, өнімдерге арналған бөшкелер, ыдыстар) өндіруді қоса алғанда, өндірістің толық циклін жүзеге асырады. «Біз өз қызметімізді мега кіші өндірістен бастағанымызбен, алдымызға үлкен мақсат қойдық. Егер біздің жобаларымызға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры сенбегенде дамуымыз қазіргідей деңгейде болмас еді. Алғашқыда балалар косметикасын өндіру мақсатында зертхана жасалымдары түрінде құрылды. Бұл сусабын, душ гелі, тіс пастасы болатын. Бізде жекеменшік «Утя» бренді болды. 2010 жылдан бастап «Дисней» және «Марго» сауда белгілері бойынша өнімдер шығармақ болдық. Келісім 1 жылға жасалды. 2011–2012 жылдары балалар косметикаларын өндіре бастадық. «Диснеймен» жасалған келісім бизнесімізге жақсы серпін берді. Өйткені өнім сапасына қойылатын талаптар да өте жоғары болды. Ал 2013 жылы біз өзімізге күтпеген жаңа нарық аштық. Яғни, мас-маркет емес, хорика сегментін», – дейді «Goldman and Young» ЖШС директоры Шолпан Итпаева. Ш.Сағындыққызының айтуынша, хорика – көзге көрінбейтін сегмент. Бұл адамдар қонақ үйге барғанда нөмірді тазалайтын, төсек-орын жабдықтарын жуатын және мейрамхана желісіндегі кәсіби тазалау химиясы. Бұл ыдыс-аяқ жуатын машиналар мен дизенфикация және арнайы тазалау құралдары. Онда жай тұрмыстық химия қолданылмайды. «Біз оны өзімізге кездейсоқ аштық. Өте қызықты тәжірибе болды. Ешкім сендер қазақстандық өндіруші екенсіңдер ғой, бізге келіңдер деген жоқ. Біздің басқа өндірушілеріміз бар, солармен жұмыс істейміз деді. Бізге олардың сеніміне ие болу үшін уақыт қажет болды. Осы бағытта мақсатты жұмыс істедік, өндіретін өнімдеріміздің бәрін өзіміз ойлап таптық. Бізде жасалымдар зертханасы мен сапаны бақылау зертханасы бар. Бұл жасалымдарды сертификаттап, шығару кейде бір жылға дейін созылды. Өйткені аккредиттелген зертханалардан сынақтан өткен соң ғана мемлекеттік тіркеу куәлігі беріледі», – деген өндіріс орнының басшысы жаңа зауыт салу қажет болған кезде бірден «Даму» қорына жүгінгендерін айтты. Өйткені айналымдағы қаржылары жетпегендіктен инвестициялық қарызға кепіл қажет болған. Ал қордың кепілдігінің арқасында алынған несиені 2019 жылы толық жапқан. Қазір өнімдерін Ресейге экспорттайтын жағдайға жеткен бұл компанияның ішкі нарықтағы негізгі тұтынушысы – Теңіз компаниясының вахталық кенттері болып отыр. Өнімдер ассортименті де 100-ден асып отыр. Соның арқасында олар бір қонақ үйді бүкіл қажетімен қамтамасыз ете алады. Бұл асхана, нөмірді тазалау қоры мен кәсіби төсек-орын жабдықтарын жуу. «Экспортқа шыққанда да бізге бәрі күмәнмен қарады. Сіздерде шынайы өндіріс бар ма деп тексерді. Өнімдерімізді сынақтан өткізіп, бізге келіп өндірісті тексергенде бәрі қайран қалатын. Себебі, бұл нарықтағы негізгі екі ірі ойыншыға бәрі үйреніп қалған болатын. Біз клиентке тек қана химия емес, шешім де ұсынамыз. Кәсіби өнім дайын күйінде жеткізіліп, оны қолдану кезінде ешкім қосымша су тасып, оның аз не көп қолданылғанын өлшеп әуре болмайды. Арнайы қондырғы бәрін норма бойынша текшеп береді», – деген «Goldman and Young» ЖШС директоры өндіріс орны өз қызметін үш химик жасаушы мен екі әртүрлі жұмысшыдан бастағанын айтты. Бүгінде мұнда кеңсе мен өндіріс жұмысшыларын қосқанда 50 адам жұмыс жасайды. Компания қызметкерлерінің 80 пайызы бұрыннан келе жатқандар. Қалғаны өндіріс ұлғайған кезде қатарға кейін ғана қосылғандар. – Мен мұнда косметикалық өнімдердің өндіріс шебері болып қызмет атқарам. Осында жұмысқа келгеніме 12 жыл болды. Бұл кәсібім өзіме қатты ұнайды. Қаптаушыдан бастап өндіріс шеберіне дейін жетіп отырмын. Бүгінде жұмыста ешқандай қиындықты сезінбеймін. Бәрі өзіме ұнайды, қызықты. Қызметім өнім қаптамасының талапқа сай болып, ешқандай олқылықсыз қолданушыға өнімді қолдану тәртібімен танысып, немен айналысуына нұсқау беру. Химиялық өніммен, оның арнайы құрал-жабдықтарымен жұмыс жасауға әбден үйрендім. Одан ешқандай қорқынышым жоқ. Қауіпсіздік талаптарын әрдайым сақтап, киім-кешек пен қорғаныс құралдарын пайдаланамыз, – дейді Наталья Аниковская.

ОТАНДЫҚ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ӘЛЕУЕТІ ЗОР

Алматы облысындағы ірі өнеркәсіп орындарының бірі – «БЕНТ» компаниялар тобы. Ол өз қызметін 1987 жылы құрылған «Ремстройтехника» өндірістік бірлестігінің қысымды құбырлар зауыты базасында бастады. 2015 жылы атауын өзгерткен өндіріс орнында түрлі салаға маманданған бірнеше жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер пайда болған болатын. Мәселен, «БЕНТ» фирмасы» ЖШС-і рельстік бекітпелері бар темірбетон шпалдарын өндіру зауыты болса, «АвтоклавKZ» ЖШС автоклавты газблоктарын өндіретін цех. «Standlab» сертификаттау орталығы өндірілетін өнімнің кіріс және шығыс сапасын бақылауға, ал «БЕНТ фирмасы» ЖШС оқу орталығы жұмыссыз тұлғалар мен зауыт қызметкерлерін оқытуға маманданған. Биыл компаниялар тобы субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау шараларымен 500 млн теңге мөлшерінде қарыз қаражатына «Нұрбанк» АҚ арқылы өнім өндіру қызметін кеңейтті. «Мұнда жылына 800 мың данадан астам теміржол шпалдары мен оған қажетті 2 млн дана бекітпелер өндіріледі. Мәселен, рельс бекітпелері технологиясы өзімізде патенттелген. Оның өзге ұқсас бұйымдардан басты айырмашылығы жүктемеге шыдамдылығы. Ол жылдамдығы жоғары жолдарға өте тиімді. Сол сияқты көпірде, туннелде қолданылатын шпалдар Қазақстанда тек бізде ғана жасалады. Олар да жүктемеге төзімділігімен ерекшеленеді. Егер тапсырыс болса өнім көлемін одан да көбейтуге әлеуетіміз жетеді», – дейді «Standlab» сертификаттау орталығы зертханасының жетекші маманы Нығмет Маматов. «Бент фирмасы» ЖШС-нің өндіріс жөніндегі вице-президенті Серік Кузембаевтың сөзіне қарағанда, БЕНТ компаниялар тобының өнімдерін республиканың 100-ден астам компаниясы қолданады. Мәселен, рельстік бекітпелері бар темірбетон шпалдарының негізгі тұтынушысы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы. БЕНТ компаниялар тобы бұдан бөлек жылына 400 мың текше метр тауарлық бетон мен 100 мың текше метр автоклабты газоблоктарды өндіреді. Мұндағы орташа жалақы 380-400 мың теңгені құрайды. Жұмысшылар азанда жұмыс орнына, кешке үйіне тасымалдайтын арнайын автобустар мен өндірістік киім-кешекпен толық қамтамасыз етілген. «Құрылыс саласында кең қолданылатын автоклабты газоблоктарға қажетті шикізаттардың бәрі қазақстандық. Атап айтқанда, цемент Шымкенттен, әк Қарағанды мен Тараздан болса, құм жергілікті шикізат. Қазір Алматы облысының облыс орталығы Қонаев үлкейіп, жаңадан Алатау қаласы салынып жатыр. Біздің осыған орай қазіргі қуатпен газоблоктарымыздың өндірісін 2 есе ұлғайтуға мүмкіндігіміз бар», – деген «Бент фирмасы» ЖШС-нің өндіріс жөніндегі вице-президенті С. Күзембаев құрылыс саласында қолданылатын отандық материалдардың әлеуеті өте зор. Оны елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тиімді пайдалану қажет. Бұл жұмыс орындарын көбейтіп қана қоймай, мамандарды дайындау, олардың біліктілігін артыруды кешенді түрде дамытуға мүмкіндік береді. Мәселен, «БЕНТ фирмасы» ЖШС оқу орталығы жастарды оқытып, өндіріс орнындағы ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға өзінің зор үлесін қосуда.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Украина төңірегіндегі жағдай ушықты: Тоқаев тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдай ушығуына байланысты тапсырма берді.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЗЫҒЫ БОЛМАУЫ ТИІС

Қазақ халқының дәстүрінде қайырымдылық пен жомарттық ерекше орын алады. Жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпай, мұқтажға қол ұшын созу – ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі. Алайда соңғы уақытта қайырымдылық саласында орын алған кейбір келеңсіз оқиғалар осы түсініктерге қаяу түсірді.

Что угрожает единству общества? 

Депутат Мажилиса Парламента подозревает некие скрытые силы в проведении целенаправленной кампании по дестабилизации политической ситуации в стране с использованием социальных сетей и других онлайн-платформ.

Елімізде қаңтардағы демалыс күні ауыстырылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.

Депутат мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай мектеп бағдарламасына балалар Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын зерттейтін жаңа пән енгізуді ұсынды.