Қызылордада сотталған әйел заңды некеге тұрды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде 150-ден астам сотталған жазасын өтеп жатыр. Олардың арасында әйелдер де бар. Бүгін осы мекемеде қалалық АХАЖ бөлімінің қызметкерінің қатысуымен 34 жастағы Д.есімді әйелдің некесі қиылып, неке қию куәліктері табысталды. – Сотталғандар үшін заңды некеге тұру, оның түзелу жолына түсуіне, өз орнын табуына және болашақта отбасылық жауапкершілікті сезінуіне ықпал етеді. Мекемеде жыл басынан 3 сотталған заңды некеге тұрған. Мекеменің тәрбие бөлімі қызметкерлері мен психолог маманы сотталғандарға үздіксіз тәрбиелік жұмыстар жүргізіп, әлеуметтік тұрғыда бейімдеп, психологиялық қолдау көрсетеді. Олардың өмірге деген көзқарастары өзгеріп, бостандыққа шыққанда қоғамға тез сіңісіп кетеді, – дейді тәрбие бөлімінің бастығы Бауыржан Сәметов. – Бүгін мен үшін қуанышты күн. Бостандықта кездескен сүйіктіммен заңды некеге тұрдым. Отбасын құруға мүмкіндік берген түзеу мекемесінің әкімшілігіне ризашылығымды айтқым келеді. Кез келген адам бақытты болуға лайық, – дейді сотталған әйел.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...