12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстан азық-түлік бағасының өсу қарқыны бойынша нешінші орында?

Қазақстан ЕАЭО елдері арасында азық-түлік бағасының өсу қарқынында ең төменгі көрсеткішті сақтап отыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап. 

2024 жылдың 30 қарашасында Сауда және интеграция министрлігі берген ақпаратқа сүйенсек, Қазақстан азық-түлік тауарларының бағасының өсу қарқынында ең төменгі көрсеткіште Армениядан кейін екінші орында тұр. Қазақстанда бұл көрсеткіш 2,9%-ды құрады, Ресейде 4,5%, Беларусьте 3,7%.

Жыл басынан бері азық-түлік бағасында өзгеріс бар ма?

Ведомствоның мәліметінше, қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 8,3 пайызға дейін баяулады, азық-түлік бағасының өсу қарқыны жылдық мәнде 5,1 пайызға дейін төмендеді.

«9 айдың қорытындысы бойынша азық-түлік бағасы тамыз айымен салыстырғанда тұрақты қалды. 7 тауар бойынша көрсеткіш төмендеген. Оның ішінде сәбіз, күріш, жұмыртқа, қырыққабат, қарақұмық, күнбағыс майы және ұн бар», — делінген материалда. 

Қандай шаралар атқарылып жатыр?

Сонымен бірге Сауда және интеграция министрлігі бағаны тұрақтандыру мақсатында келесі қолдау шаралары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті:

  • отандық өндірісті қолдайтын ӘМАТ-ты (әлеуметтік маңызы бар азық-түлік) басымдықпен қаржыландыру;
  • маусымаралық кезеңде тауар интервенциялары;
  • сауда үстемесін бақылау;
  • делдалдарды болдырмау үшін баға белгілеу тізбегін талдауды күшейту;
  • заманауи сауда форматтары мен инфрақұрылымын дамыту.

Сауда үстемесін асыра қолданғандар үшін қандай шара қолданылды?

Министрлік жыл басынан бері аумақтық бөлімшелер сауда үстемесін асыра қолданғаны үшін 4014 әкімшілік қаулы шығарғанын хабарлады. Жалпы сомасы 25 млн теңгеге 667 айыппұл мен 3,3 мыңнан астам ескерту жасалды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қаулылар саны 4 есе өскен. 

«Бұзушылықтарды анықтаудың маңызды құралы ретінде электрондық шот-фактуралардың (ЭСФ) талдауы қолданылады. Алты ай ішінде азық-түлік тауарларын жеткізу тізбектерінің 8,9 мыңнан астамы талданып, сауда заңнамасын бұзудың 3 мыңнан астам тәуекелдері анықталды. Сауда үстемесін асыра қолданғаны үшін әкімшілік жазаларды күшейту бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексіне түзетулер енгізу әзірленді. Атап айтқанда, субъектілікке байланысты бірінші бұзушылық үшін ескертуді 5-тен 150 АЕК-ке дейін айыппұлмен алмастыру ұсынылады», — деп қосты министрлік. 

Делдалдарға қатысты дау

«Делдалдық схемаларды тергеу бойынша өңірлік комиссиялар белсенді жұмыс істеуде. Жыл басынан бері комиссиялардың 1169 отырысы өткізіліп, шамамен 3,2 мыңға жуық өнімсіз делдалдық пен сауда үстемесін асыру фактілері анықталды. Кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға түсіндіру жұмыстары қатар жүргізілуде. Кешенді жұмыстың нәтижесінде біз ӘМАТ бағаларының 5%-дан 30%-ға дейін төмендеуін байқаудамыз», — делінген ведомство хабарламасында.  


Жұмыртқа бағасының өсуіне жол бермеу үшін Сауда және интеграция министрлігі мен Қазақстан Құс өсірушілер одағы, Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы арасында биылғы жылдың соңына дейін жұмыртқа бағасының жоғарғы шегін бекіту бойынша ынтымақтастық меморандумдары жасалды. Өз кезегінде, отандық жұмыртқа өндірушілерін қолдау мақсатында биылғы жылдың 1-мамырынан бастап 6 ай мерзімге автокөлікпен жұмыртқа әкелуге шектеу енгізілді.

Ресей тарапынан қант экспортына енгізілген шектеу шараларына байланысты ішкі нарықты қорғау мақсатында 14-маусымнан 31-тамызға дейін ЕАЭО елдеріне және үшінші елдерге Қазақстан аумағынан қант экспорттауға тыйым салынды.

Сондай-ақ ҚР Сауда желілері одағымен сауда желілерінің сөрелерінде отандық тауарлардың үлесін ұлғайтуға және отандық өндірісті дамытуға жәрдемдесуге бағытталған бірлескен шараларды қабылдау туралы меморандумға қол қойылды.

Украина төңірегіндегі жағдай ушықты: Тоқаев тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдай ушығуына байланысты тапсырма берді.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЗЫҒЫ БОЛМАУЫ ТИІС

Қазақ халқының дәстүрінде қайырымдылық пен жомарттық ерекше орын алады. Жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпай, мұқтажға қол ұшын созу – ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі. Алайда соңғы уақытта қайырымдылық саласында орын алған кейбір келеңсіз оқиғалар осы түсініктерге қаяу түсірді.

Что угрожает единству общества? 

Депутат Мажилиса Парламента подозревает некие скрытые силы в проведении целенаправленной кампании по дестабилизации политической ситуации в стране с использованием социальных сетей и других онлайн-платформ.

Елімізде қаңтардағы демалыс күні ауыстырылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.

Депутат мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай мектеп бағдарламасына балалар Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын зерттейтін жаңа пән енгізуді ұсынды.