2025 жылы қазақстандықтар қалай демалады?

2024 жыл аяқталуға жақын. 2025 жылы демалыс күндері ауыстырыла ма? Massaget.kz тілшісі материалында.

Қаңтарда демалыс күндері мына күндерге сәйкес келеді:

Бес күн жұмыс істейтіндер үшін

  • 30 және 31 желтоқсан (дүйсенбі, сейсенбі) — жұмыс күндері;
  • 1, 2 қаңтар (сәрсенбі, бейсенбі) — демалыс, Жаңа жыл;
  • 3 қаңтар (жұма) — жұмыс күні;
  • 4,5 қаңтар (сенбі, жексенбі) — демалыс күндері;
  • 6 қаңтар (дүйсенбі) — жұмыс күні;
  • 7 қаңтар (сейсенбі) — демалыс, Рождество.

Алты күн жұмыс істейтіндер үшін

  • 30 және 31 желтоқсан (дүйсенбі, сейсенбі) — жұмыс күндері;
  • 1, 2 қаңтар (сәрсенбі, бейсенбі) — демалыс, Жаңа жыл;
  • 3, 4 қаңтар (жұма, сенбі) — жұмыс күні;
  • 5 қаңтар (жексенбі) — демалыс;
  • 6 қаңтар (дүйсенбі) — жұмыс күні;
  • 7 қаңтар (сейсенбі) — демалыс, Рождество.

Осындай жағдай мамырда да күтіледі. Бейсенбі, 1 мамыр демалыс күні; жұма, 2 мамыр жұмыс күні болуы керек, ал 3-4 мамыр сенбі-жексенбіге сәйкес келеді. 5-6 мамыр — жұмыс күндері, 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні, 8 мамыр — жұмыс күні, 9 мамыр — Жеңіс күні.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері қазір 2025 жылғы демалыс күндерін ауыстыру туралы бұйрықтың жобасы әзірленіп жатқанын айтты.

«Еңбек кодексінің 85-бабына сәйкес мереке күндері, сондай-ақ, кодекстің 84-бабының 5-тармағында көзделген демалыс күндері жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында еңбек жөніндегі уәкілетті орган демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы. Сондықтан қазір министрлік 2025 жылғы демалыс күндерін ауыстыру туралы бұйрықтың жобасын әзірлеп жатыр. Ол министрліктің сайтында және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында талқылау үшін жарияланады», — деп жазылған хабарламада.

Алайда министрлік демалыс күндерін нақты қалай ауыстыруды жоспарлап отырғаны әлі белгісіз.

6 шілдеде атап өтілетін Астана күні де 2025 жылы жексенбіге сәйкес келеді. Мерекеге орай демалыс күні ауыстырыла ма?

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңның 5-бабына сәйкес демалыс күндері мен мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс саналады. Бұл жағдайда 2025 жылғы 6 шілде жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан 2025 жылғы 7 шілде (дүйсенбі) демалыс күні болады», — деп жазылған ведомство жауабында.

Осылайша, келесі жылы шілдеде қазақстандықтар 5, 6, 7 шілде демалады.

“Созбаққа салсақ, іс тоқырады деп санай беріңіздер“. Тоқаев Алатаудың құжаттарын қабылдауға уақыт берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте...

Мемлекет басшысы Alatau City жобасына қатысты ескерту жасады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ ЗАҢМЕН РЕТТЕЛУI КЕРЕК

Экологиялық қауіпсіздік мəселесі бүгінде əлемдік күн тəртібіндегі ең маңызды тақырыптың біріне айналды. Климаттың өзгеруі, өндірістік шығарындылардың артуы, тұрмыстық қалдықтардың көбеюі жəне табиғи ресурстарға түсетін салмақ мемлекеттерді экологиялық саясатты түбегейлі қайта қарауға мəжбүрлеуде. Қазақстан да бұл үдерістен шет қалып отырған жоқ.

Елімізде балаларға медициналық көмек көрсету тәртібі жаңарады 

Қазақстанда балаларға медициналық көмек көрсетудің жаңа моделі енгізіледі. Өзгерістер педиатрлар мен жалпы практика дәрігерлерінің жұмысына әсер етеді.

Биыл әскерге алынғандарға қандай жеңілдік бар?

Президент Жарлығына сәйкес 2026 жылғы 17 наурыз бен 30 маусым аралығында өтетін көктемгі әскерге шақыру науқаны әлі жалғасып жатыр.