12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстегі процестік мәжбүрлеу шаралары

Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы негізінде, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілді.
Кодекстің 18 тарауы толығымен процестік мәжбүрлеу шараларына арналған. Процестік мәжбүрлеу шараларына: ескерту; сот отырысы залынан шығарып жіберу; ақшалай өндіріп алу жатады. Әрқайсысына жекелей тоқталатын болсам, ескерту дегеніміз төрағалық етуші сот отырысының залында тәртіп бұзушы адамға ескерту жариялауға құқылы.

Сонымен бірге төрағалық етуші қайталанған жағдайда, оған қатысты неғұрлым қатаң мәжбүрлеу шарасын қолдануы мүмкін екендігін түсіндіреді. Әкімшілік процеске қатысатын адам өзіне жасалған ескерту жарияланғаннан кейін сот отырысының залында тәртіп бұзған жағдайда, төрағалық етуші оны әкімшілік істі қараудың барлық кезеңінде немесе оның бір бөлігінде шығарып жіберуге құқылы. Тәртіп бұзушы басқа да қатысушы адамдар сот отырысында төрағалық етушінің өкімімен оларға алдын ала ауызша ескерту жарияланбастан шығарып жіберілуі мүмкін. Ақшалай өндіріп алу жеке тұлғаға, лауазымды адамға, заңды тұлғаға не оның өкіліне он айлық есептік көрсеткіштен бастап бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде қолданылады. Сот ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы ұйғарым шығарады, оның көшірмесі ақшалай өндіріп алу қолданылатын адамға табыс етіледі. Ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы мәселені қарау өзіне қатысты мәжбүрлеу шарасы қолданылатын адамға алдын ала хабарлана отырып, сот отырысында жүргізіледі. Аталған процестік мәжбүрлеу шараларының ішінде көп қолданылатын түрі ақшалай өндіріп алу болып табылады.
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында 9 айдағы есептік көрсеткіш бойынша 27 ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы ұйғарым шығарылған. Сот тәжірибесінде ақшалай өндіріп алуды қолданылу аясы кең. Мысалы, сот белгілеген мерзімде әкімшілік талапқа қарсы пікірді уақытылы ұсынбау немесе соттың сұранысымен сұратылған құжаттарды толық әрі уақытылы ұсынбағаны үшін де ақшалай өндіріп алу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы қолданылады. Өкінішке орай, тәжірибеде осы себеппен салынатын ақшалай өндіріп алу өте көптеп кездеседі. Шешім заңды күшіне енген соң жауапкерге бір ай ішінде орындау үшін жолданады. Көрсетілген уақытта жауап жолданбаса ақшалай өндіріп алу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы қолданылады. Судья жауапкерді Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің талаптарына сәйкес дайындалған және ресімделген жазбаша пікірді және жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әкімшілік іспен бірге (бар болса) беруге міндеттейді. Талап қоюшы алдын ала тыңдау сатысында пікірмен және ұстаныммен танысады.
Оларды судья белгілеген мерзімде ұсынбау ақшалай өндіріп алуды қолдануға негіз болып табылуы мүмкін және әкімшілік істі мәні бойынша қарауға кедергі келтірмейді. Соттың талабын, сұрау салуын орындамағаны, әкімшілік іске қатысушы адамның сотқа келмегені, сотқа уақтылы хабарламағаны, кері қайтарып алуды уақтылы бермегені, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбағаны, сотта белгіленген қағидаларды бұзғаны, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемегені туралы анық куәландыратын өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) үшін сот жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы. Соттың шешімін, соттың тараптардың татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін бекіту туралы ұйғарымын орындамағаны үшін сот осы сот актісінде ол бір айдан аспайтын мерзім ішінде орындалуға жататын мерзімді көрсете отырып, жауапкерге елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолданады. Ескерту мен сот отырысы залынан шығарып жіберу түріндегі процестік мәжбүрлеу шаралары тәжірибеде сирек қолданылады.
​Қорытындылай келе, іске қатысушы тараптар өз құқықтары мен міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен атқарса, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдерін уақытылы орындаса, процестік мәжбүрлеу шарасын қолдану да аз болушы еді.

Г.С. Сарсенбаева, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маман-сот отырысының хатшысы

Жаңа міндет жүктеген жиын

Үстіміздегі жылдың қазан айында төрт жылда бір өтетін республика...

«Halyk» қайырымдылық қоры «Қайырымдылық үшін» медалімен марапатталды

«Halyk» қайырымдылық қоры Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат...

Молодёжь Алматы отметила День Республики патриотическими мероприятиями

В честь Дня Республики Казахстана, резиденты комьюнити-центров Алматы провели...

Алматы жастары Республика күнін патриоттық іс-шаралармен атап өтті

Республика күніне орай Алматының комьюнити орталықтарының резиденттері  бірқатар патриоттық...

В столичном ДУИС торжественно отметили День Республики Казахстан

Торжественное мероприятие, с приглашением ветеранов уголовно-исполнительной системы, посвященное Дню...