Бүгін #21 мекемеде Республика күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Жиында мекеменiң коғамдык өмiрiне үлес қосқан кызметкерлердiң және кызметiн адал атқарған кызметкерлердiң еңбектерi еленіп, алғыс хаттар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.
21 мекеме қызметкерлерi мен отставкадағы капитан Бақыт Жансултанова мекеменiң ардагерлер қауымы атынан Қазакстан Республикасы күніне арналған құттыктауын бейнежазба аркылы жолдады. Мақсаты , Қазақстан атты ұлы Отанымыздың игілігі мен өркендеуі үшін ат салысу, жеке құрам арасында идеологиялық жұмыстарды жандандыру және дамыту. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, егемендігіміздің ғұмырлы болуы үшін ат салысу.
Бақыт Жансултанова 20жылдан астам тарихы бар #21мекеменiң құрылуынан берi қызмет еткен ардагер. IIO — да 20жылға жуык еңбек өтілі бар ардагер бүгінгі күні де ерiктi құрам жұмысшысы ретінде еңбегiн жалғастыруда.
-Отанымыздың жарқын болашағы жолында еңбек етіп жатқан барша Қазақстандықтарды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі мерекелік күнде еліміз өркендеп, жайнап, ынтымақ-бірлігіміз ажырамасын. Мереке құтты болсын!- деп ардагер өз тiлегiн бiлдiрдi.