Әскерден жалтару намысқа сын!

Соңғы жылдары қоғамымызда жастардың әскерден жалтаруы, шақырғанына бармай жастарды көшеден алып кетуі секілді жағдайлар жиілеп кетті. Бұл халықтың да наразылығын туғызып отыр. Шын мәнінде әскерге жастардың ынтасын қалай оятамыз, жастардың бойындағы патриоттық сезімді қалай күшейтеміз, әскерге қатысты оң көзқарас қалай қалыптастырамыз? Белгілі әскери сарапшы, заспастағы офицер Жарас Келдібектен осы мәселелер жөнінде пікірлескен едік…

  • Қоғамымызда әскери өмірге жастарды ынталандыру үшін не істеуіміз керек?
  • Әскери өмірдің оң ықпалы жқнінде кинолар түсіруіміз керек. Шын мәнінде жастардың әскерге баруы бұрын мақтаныш болатын. Қай кезде әскердің өмірін қорқынышты етіп, жастарды әскерден жалтаратын қылып алдық білмеймін. Сондықтан жастарды әскерге ынталандыру үшін патриоттық туралы кинолар түсірілуі керек. Патриоттық әндер жазылып, клиптер көбірек көрсетілуі қажет. Бұрын әскери өмір тұрғанымен романтика, намыс, мақтаныш болатын. Дәл сол дәрежеге қайта жеткізуіміз қажет.
  • Көшеден жастарды алып кету қаншалықты дұрыс?
  • Шын мәнінде әскери борышты өтеу міндет. Сол міндетті атқарудан жалтарса тиісті органдар басқа не істенуі керек? Олар да амал жоқ, жастарды қуалап жүру ұстауға мәжбүр. Сондықтан осы бір мәжбүрліктен туындаған әрекетті бақалай түсінбеуіміз керек. Әскерден жалтару намыс! Осыны ұғуы керек жастар.
  • Әскерге жастардың ынтасын қалай оятуға болады?
  • Ең алдымен ол жердегі тәртіпті күшейту керек. Әскерге бармаған жастар нешетүрлі басбұзарлықты естіп ынтасы бұзылады. Әскери борышты өтеу мәжбүрліктен бұрын патриоттыққа негізделуі керек. Қайталап айтамын, кинолар, әндер арқылы, түрлі роликтер арқылы жалпы қоғамдағы патриоттық сезімдерді күшейту керек. Жастар ғана емес, қоғамдағы ата аналардың бойында да бұл сезімдерді қалыптастыру маңызды!
  • Әңгімеңізге рахмет! Бейбіт өміріміз ұзағынан болсын!

Аида Балаева «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын марапаттады

Астанада Халықаралық жастар күні аталып өтті. Салтанатты іс-шара аясында...

Аида Балаева наградила победителей конкурса грантов «Тәуелсіздік ұрпақтары»

В Астане отметили Международный день молодежи. В рамках торжественной...

Артық сөйле, кем сөйле, таразылай тең сөйле

       «Артық сөйле, кем сөйле, таразылай тең сөйле», «Сөз...

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай Әлімғазинов «Құрылтайға жол» ультрамарафонының кезекті маңызды белесін еңсеріп,...