12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ДИПЛОМДЫ КАДРЛАР НЕГЕ ЖҰМЫССЫЗДАР ҚАТАРЫН ТОЛТЫРЫП ОТЫР?

Елдегі мемлекеттік бағдарламалар аясында құрылатын жұмыс орындарының көбі уақытша. Жаңа жұмыс орындарының дені негізінен төмен және орташа өнім беретін секторларда құрылады әрі олар уақытша сипатқа ие.

Бұл жөнінде Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Мәжіліс төрғасының орынбасары Дана Еспаева мәлімдеді. Дәстүрлі жиын «Қазақстанның еңбек нарығын дамыту және кадрлық әлеуетін күшейту» мәселесіне арналып, онда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова осы мәселе бойынша есеп берген болатын. Жиын тізгінін Еспаева ханым ұстап, жоғарыда айтылған мәселеге қатысты біраз мәліметті ортаға салды. Оның айтуынша, мысалы, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында ашылған 1,5 мың жұмыс орнының 90 пайызы уақытша, ал «2021 – 2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту» жобасы бойынша ашылған 67 мың жұмыс орнының 81 пайызы маусымдық. Сонымен бірге, Қазақстанда бейресми экономиканың жоғары үлесі және халықтың мемлекеттік қолдауға тәуелділігінің өсуі сақталуда. Ерекше алаңдаушылық тудыратыны – жастардың жұмыссыздығы. Бұл жағдай еңбек нарығына жастардың жыл сайынғы 300 мыңнан астам болжамды ағыны есебінен қиындайтын болады. Мәселе білім беру жүйесінен еңбек нарығына көшу сатысында басталады. Өйткені, мұнда жастар білім беру арқылы не өз дағдыларын жетілдіре алмайды, не жұмысқа орналасу арқылы тәжірибе жинай алмайды. Ал, мемлекет еліміздің кадрлық әлеуетін арттыру үшін жыл сайын жоғары оқу орындары мен колледждерде тегін оқу үшін гранттар береді. Биыл жоғары оқу орындары шамамен 74 мың, ал колледждер 143 мың жаңа студентті қабылдады. Алайда, оқуды аяқтағандардың барлығын жұмысқа орналастыру мүмкін емес. Айталық, 2023 жылы колледж түлектерінің 40 пайызы мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылды. Өкінішке қарай, мемлекеттік органдар жоғары оқу орындары түлегінің жұмысқа орналасуына қатысты нақты жағдаймен таныс емес. Бұл түлектердің жұмыссыздар қатарын толықтыруына немесе кез келген жерде жұмыс істей беруіне алып келеді. Олардың бір бөлігі мемлекеттік қолдауға қ а й т а ж ү г і н у г е мәжбүр, оған тағы да бюджет қаражаты жұмсалады. Мұндай мәселенің барын министр де жасырмады. Керісінше, олқылықтардың жай-жапсарын аша түсті. Светлана Қабыкенқызының да сөзінен түйгеніміз, соңғы он жылғы статистика мемлекеттің кәсіпкерлікті дамытуға және индустрияландыруға бағытталған бағдарламалардың әсері жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Мәселен, экономиканы ынталандыру бойынша қабылдаған белсенді шараларға қарамастан, жеке бизнестің жаңа жұмыс орындарын құруға қосқан үлесі шамамен 20 пайыз ғана. Сондай-ақ, қазіргі уақытта жұмыс күші аграрлық саладан қызметтер мен саудаға көшуде. Бұл негізгі сын-қатерлердің бірі. Екінші сын-қатер – формальды емес жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі. 2023 жылы нақты зейнетақы аударымдарының деректері бойынша есептелген еңбекақы төлеу қорының көлемі 20 трлн теңге. Ұлттық статистика бюросының бағалауы бойынша еңбекақы төлеу қоры – 38 трлн теңге болды. Еңбекақы қоры бойынша деректердің едәуір алшақтығы сауда, ауыл шаруашылығы және жылжымайтын мүлік секторларында байқалады. Министрліктің ай сайынғы дерекқор мониторингі ұлттық жобалар шеңберінде жұмысқа орналастырылған әрбір төртінші адамның міндетті зейнетақы жарнасы жоқ екенін көрсетіп отыр. Үшінші сын-қатер – экономиканың орта кәсіптік білімі бар кадрларға деген өсіп келе жатқан қажеттілігі. Бұл орайда бизнес тарапынан сұраныс пен жұмыс күшіне ұсыныс арасындағы сәйкессіздік байқалып отыр. Кәсіптік-техникалық білімі бар мамандарға сұраныс жоғары білімі бар түлектерге деген қажеттіліктен 70 пайызға артық. Біліктілігі орташа және жоғары деңгейдегі жұмыс күшіне ұсыныс көлемі бірдей болып қалуда. Төртінші сын-қатер – ағымдағы және болашақ жұмыс күші сапасының қанағаттанарлықсыз болуы. Бұл жағдайдан шығудың бірден бір жолы – тиімді, әділ және серпінді еңбек нарығын құру, азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз ету болса, құзырлы орын бүгінгі таңда бұл мақсатқа жетудің бес бағытын анықтапты. Министр ханым оларға да тоқталды. Біріншісі – мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру. Бұл еңбек ресурстарын жоспарлауды жақсартумен және жаңа жұмыс орындарын құру арқылы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Екіншісі – сапалы жұмыс орындарының санын ұлғайту. Бұл экономикалық дамудың және халықтың табысын арттырудың маңызды өлшемшарты. Үшіншісі – кадрлық әлеуетті күшейту, яғни, экономиканы тез өзгеретін технологиялық орта жағдайында міндеттерді тиімді шешуге қабілетті білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Төртінші – жұмыспен қамтуды заңдық тұрғыдан ресімдеу. Бұл бағыт жұмыскерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуді көздейді. Жұмыспен қамту форматтары әртараптандырылған қазіргі заманғы еңбек нарығында формализация барлық қатысушылар үшін әділ жағдай жасауға көмектеседі. Бесінші – жұмыспен қамтудың экожүйесін дамыту. Еңбек министрлігі өткен жылы еңбек саласының «ақ дақтарын» цифрландыру бойынша үлкен жұмыс атқарыпты. Қазір онда нақты уақыт режимінде еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерін көруге мүмкіндік бар. Жасанды интеллект технологияларын белсенді енгізу құзырлы орынға ықтимал проблемаларды алдын ала көруге және уақытылы шаралар қабылдауға, бұзушылықтарды анықтауға әрі анағұрлым сапалы болжамдар жасауға мүмкіндік береді. Енді осы мақсаттарға қол жеткізу үшін еңбек нарығының нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру қажет. Министр ханым депутаттардан осы тұрғыда қолдау сұрады. Еңбек нарығы, кадрлық әлеуетке қатысты біраз мәселені жиында қосымша баяндама жасаған Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов ортаға салды. Асхат Қанатұлы да жылдам технологиялық прогресс еңбек саласында жаңа сын-қатерлерді әкелгенін атап көрсетіп, нақты мәліметтерді ортаға салды. Олар еңбек нарығының болашағына қатысты еріксіз алаңдау­ шылық туғызады. Жаңа мамандықтар пайда болып, кейбір «зейнеткер мамандықтардың» жай ғана «жойылып» жатқаны белгілі. Осының салдарынан Қазақстандағы жұмыс орындарының 52 пайызы автоматтандырудың тәуекеліне ұшырауы мүмкін. Алдағы 15-20 жылда жұмыс орындарының 14 пайызы жойылса, тағы 32 пайызы қатты өзгеруі ғажап емес. Аймағамбетов мырза да жұмыспен қамтудың 50 пайызына жуығын бизнес емес, мемлекет қамтамасыз етіп отырғанына назар аудартты. Бұл ретте ол мемлекеттік қолдау шараларына, триллиондаған несие және триллиондаған салықтық жеңілдікке қарамастан, жеке кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер тек 2,8 миллион жұмыс орнын немесе жұмыспен қамтудың 33 пайызын ғана қамтамасыз етіп отырғанын орынды атап көрсетті. Ұлттық жобалардың сапалы жұмыс орындарын жеткілікті қамтамасыз ету үшін заңнамалық деңгейде жаңа өндіріс ашатын немесе инвестициялық жобаны іске асыратын барлық тұлғалар үшін міндетті түрде жұмыс орындарын құру, сондай-ақ жергілікті жастарды оқыту және жұмысқа орналастыру талаптарын бекіту, дәл осы факторға байланысты оларға салықтық жеңілдіктер мен преференциялар беру мәселесі қарастырылуы қажеттігін мәлімдеді. Асхат Қанатұлы еңбек нарығындағы мигранттар факторына да назар аудартты. Бұл орайда депутат мигранттардың еңбек нарығындағы үлесі туралы нақты мәліметтер жоқтығын, жалпы еңбек миграциясының өсуі – жаһандық трендтердің көрінісі екендігін, сондықтан оны басқарып, реттеудің қажеттігін атап көрсетті. Сонымен қатар басқа елдерге жұмысқа шығатын азаматтарымыздың құқықтарымен жеткілікті айналаспайтынымызды да ортаға салды. Оның айтуынша, тек Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдерде 200 мың қазақстандық жұмыс істейді, бұл іс жүзінде бүтін бір саламен тең. Көптеген отандасымыз Оңтүстік Кореяда еңбек етуде. Ол аздай, соңғы кездері Англияда «құлпынай теріп жүрген» азаматтар көбейіп кеткен. Біздің елдің азаматтары жұмыс істейтін барлық мемлекетпен, тіпті ол мемлекетте 1 ғана отандасымыз жұмыс істейтін болса да, олардың құқықтарын қорғау бойынша келісім жасау қажет. Бұл бағыт бойынша да нақты саясат пен шаралар әлі жеткіліксіз. Тоқетерін айтқанда, бұл жиында еңбек нарығына қатысты біраз шаруаның бағыты айқындалды. Енді соның бәрі сөз жүзінде қалмай, нақты іске тұғыр болса, қане!

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, «Заң газеті»

Плата за безнаказанность

Осень выдалась тяжелой. Мы испытали шок от череды суицидов,...

Жыл басынан бері қанша қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды?

Олардың басым бөлігі, яғни 18 мыңнан аса жүргізуші көлікті мас күйінде тізгіндеген.

Полиция алматылық көлік жүргізушілеріне маңызды ескерту жасады

Алматының полиция департаменті көлік жүргізушілеріне маңызды үндеу жасады.

Қазақстандықтар қарашада қалай демалады?

Қазақстанда күздің соңғы айы мемлекеттік немесе ұлттық мерекелерсіз өтеді, сондықтан ел тұрғындары тек демалыс күндері демалады.

Кейбір қазақстандықтарға ай сайынғы несие төлемі екі есе азаяды

Бүгін Мәжілісте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА)...