Қауіпті вирус тараған круиз лайнерінің жолаушылары әлем бойынша іздестіріліп жатыр 

Қауіпті хантавирус тараған MV Hondius круиздік лайнерінің жолаушылары әлем бойынша іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.

Инфекция туралы ақпарат жарияланбай тұрып, жолаушылардың бір бөлігі кемеден түсіп кеткен.

ДДҰ мәліметінше, кеме бортында үш адам қайтыс болған. Тағы сегіз адам вирус жұқтырған болуы мүмкін. Қазір лайнер Кабо-Верде жағалауында тұр және Испанияның Тенерифе аралына бет алған.

Нидерланд билігі аралық аялдама кезінде шамамен 40 адамның кемеден түсіп кеткенін хабарлады. Олардың нақты қайда жүргені белгісіз.

Мамандар науқастардан хантавирустың Анд штамын анықтаған. Ол сирек жағдайда адамнан адамға жұғуы мүмкін. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы халық үшін қауіп деңгейі әзірге төмен екенін мәлімдеді.

Қазір үш науқас эвакуацияланып, ем қабылдап жатыр. Тенерифеге жеткен соң жолаушылар өз елдеріне қайтарылады, ал Испания азаматтарының бір бөлігі карантинге жіберіледі.

Қазақстанда декреттегі әйелдің зейнетақы жарнасына аударылатын қосымша төлем тоқтайды. Бұл не білдіреді?

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алатын әйелдер үшін қосымша зейнетақы жарнасын аударуды тоқтатады. Алайда бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлем сақталады.

Енді жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханды онлайн тапсыруға болады

Астанада жүргізуші куәлігін алуға үміткерлерге теориялық емтиханды онлайн тапсыру мүмкіндігі пайда болды. Енді тестілеуден өту үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ.

2027 жылы Қазақстандағы жастар қандай бағдарламамен үй ала алады?

Қазақстанда жастарға баспана алуына мүмкіндік беретін бірнеше ипотека бағдарламаcы бар. Олардың жылдық мөлшерлемесі 5%-дан басталады.

Жаңа тарихи кезең – жаңа міндеттер: Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сараптама тобын құрды 

Президент жанындағы жаңа сараптама тобы елдің ұзақмерзімді даму басымдықтарын айқындап, стратегиялық бастамаларды талқылауға қатысады. Оның құрамына кімдер енді?

Алматыда әрбір үшінші жолаушы автобуста жолақысын төлемейді 

Алматыда автобустардың лық толуы қала тұрғындары жиі көтеретін мәселелердің бірі. Әлеуметтік желі қолданушылары қоғамдық көліктегі жолаушылардың бір бөлігі жолақысын төлемейтіндіктен, олардың нақты саны есепке алынбай қалуы мүмкін екенін айтып жүр. Тіпті бұл жағдай қала билігінің автобусқа деген сұранысты бағалауына әсер етуі ықтимал.