Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электросамокат пен кикшеринг қызметіне қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. Жаңа талаптарға сәйкес, самокатты тек 18 жастан асқан және жүргізуші куәлігі бар азаматтар ғана пайдалана алады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, шілдеден бастап электросамокат толыққанды көлік құралы ретінде танылады. Осыған байланысты кикшеринг компаниялары мен қолданушыларға қойылатын талаптар да күшеймек.

Жаңа заңға сәйкес, самокатты жалға беру кәмелетке толмағандарға, жүргізуші куәлігі жоқ азаматтарға және көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлғаларға тыйым салынады.

Сонымен қатар, барлық жалдамалы электросамокаттарға мемлекеттік нөмір орнатылады. Бұл құқықбұзушылықтарды тіркеп, құрылғыны сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

Кикшеринг компаниялары:
– самокаттардың техникалық жағдайын бақылауға;
– пайдаланушының жеке басын және жүргізуші куәлігін тексеруге;
– міндетті сақтандыру рәсімдеуге;
– тұрақ орындарын реттеуге;
– жылдамдық пен қозғалысты цифрлық бақылау жүйесі арқылы қадағалауға міндеттеледі.

Жаңа өзгерістердің ең маңызды тұстарының бірі – тротуарда жүруге қатысты. Қазіргі ережеде самокатпен тротуарда сағатына 6 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етілсе, жаңа түзетулерде бұл норма алынып тасталмақ.

Егер өзгерістер қабылданса, электросамокаттар тек:
– веложолақпен;
– жол жиегімен;
– жолдың оң жақ шетімен қозғала алады.

Ал арнайы белгіленген ортақ қозғалыс аймақтарында ғана жаяу жүргіншілермен бірге жүруге рұқсат беріледі.

Сондай-ақ, самокатпен жолға қорғаныс құралдарынсыз шығу, сақтандырусыз жүру сияқты әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Полиция өкілдерінің айтуынша, бұл өзгерістердің мақсаты – электросамокаттарды толық тыйым салу емес, жолдағы қауіпсіздікті күшейту.

Оқушылар мектепте тегін тамақтанады: Бір балаға күніне қанша ақша бөлінеді? 

Қазақстанда 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектептерде тегін тамақтандырумен қамту ауқымы кеңейтілді. Қазіргі уақытта 1-4-сыныптарда оқитын 1,4 миллионнан астам бала және әлеуметтік осал санаттарға жататын 5-11-сыныптардың шамамен 230 мың оқушысы тегін тамақтанады.

1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді? 

Қараша айында Қазақстанда бірнеше маңызды өзгеріс күтіледі. Оқушылар күзгі демалыстан кейін мектепке оралады, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық жалғасады.

Тоқаев 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылды Қазақстанда Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барды. Анкарадағы Этимесгут әуежайында Қазақстан Президентін Режеп Тайип Ердоғанның өзі қарсы алды.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.