ҚАЖ қызметкерлері бизнес өкілдерімен жұмыс кездесуін ұйымдастырды

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №12 мекеме әкімшілігі өндірістік аймақта орналасқан кәсіпкерлермен жұмыс кездесуін ұйымдастырды. Жиынға Ұлттық ұлан өкілдері де қатысты. Кездесудің мақсаты — өндірістің дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтау және жою. Жиында мекеменің өнеркәсіптік аймағындағы жұмыс уақытының ұзақтығы, соның ішінде сотталғандарды жұмыс орындарына шығару, тамақтандыруды ұйымдастыру, мекеме аумағына автокөліктердің кіріп шығу сияқты өзекті мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды қоса алғанда, шағын және орта бизнес кәсіпорындарына жұмысқа орналасқан сотталғандарға еңбекақы төлеу мәселесі де талқыланды. Жұмыс кездесуі соңында проблемалық мәселелерді шешу мерзімдері анықталды.

Іс-шара ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтандыру үшін 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру аясында өткізілді.

Милосердие в месяц Рамазан: сотрудники ДУИС по области Абай оказали помощь многодетной семье

В священный месяц Рамазан, который символизирует милосердие, сострадание и...

Свобода, которую нельзя заменить

В колониях минимальной безопасности особое значение имеют дни, когда...

Еркіндіктің орны бөлек

Ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін...

Абай облысы ҚАЖ әйел қызметкерлері 8 наурыз қарсаңында марапатталды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...

Сотрудники УИС по области Абай провели «Бьюти День» для представительниц старшего поколения в Семее

В преддверии Международного женского дня сотрудники Департамента уголовно-исполнительной системы...