УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ ТҰРҒЫННЫҢ ЖОҒАЛҒАН ЖЫЛҚЫЛАРЫН ТАУЫП БЕРДІ

Созақ ауданының полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын қорасынан өзінің екі бас жылқысының жоғалып кеткендігі туралы айтып, көмек сұрады. Тұрғынның шағымы бойынша оқиға орнына созақтық учаскелік полицейлер шұғыл жетіп, мән-жайды анықтады.

Тұрғынмен бірге қыстаулар мен ауыл-аймақтың барлығын тексеріп, іздестіру шараларын жүргізді.
Полицейлердің жедел әрекет етуі нәтижесінде тәулік ішінде жылқылар 30 шақырым жердегі жайылымнан табылды.

Жылқыларын жоғалтып алған тұрғын хабар алысымен өзімен бірге малдарын іздестіріп, тез арада тауып берген полицейлерге шынайы алғысын жеткізді. Жылқылар иесіне тапсырылды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...