12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Идеядан империяға: Алматы қаласында масштабты қазақ тілінде бизнес форум өтпек

Қазақстандағы тұңғыш қазақша форумның екінші кезеңі — «Sana Business Forum 2.0» 2024 жылы 13-қазанда Алматы қаласында өтеді.

«Sana Business Forum 2.0» — бизнес саласындағы жаңа трендтерді талқылау, кәсіпкерлер мен сала мамандарының арасында байланысты нығайту және жаңа бизнес мүмкіндіктерін ашудағы кәсіби платформа. Форумның басты мақсаты — қазақы іскерлік ортаны қалыптастыру.

Нәтижесінде, экономикалық өсімді қамтамасыз етуге, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және қоғам дамуын ілгерілетуге қол жеткізуге болады. Форумның ана тілімізде өтуі — іскерлік тілді қазақыландыру  жолындағы маңызды қадам. Бұл шара қазақ тілінде өтетін үлкен кәсіби жобаларға бастама болады.

Форумда спикерлер даму, инновация және жаңа серпіліс бағыттары бойынша кәсіби тақырыптарды қамтып, маңызды баяндамалар жасайды.

Басты баяндамалар тақырыптары:

  • Экономикалық трендттер және бизнес
  • Халықаралық брендпен бизнес: Дистрибуцияның құпиялары
  • Аз уақыт ішінде үлкен нәтижелерге жету жолы
  • Идеядан империяға: Шағын бизнесті масштабтаудың сәтті кейстері
  • Сату және маркетинг: Әлеуметтік желілерде компания өнімдерін тиімді жылжыту стратегиялары
  • Бизнес және қателіктер: Мен құлаған 10 шұңқыр
  • Креативті маркетинг: қарапайым кәсіпті танымал брендке айналдырудың құпиялары
  • Бәсекелестерден бір қадам алда: Sana Lab-тың тиімді бизнес модель құру жолы
  • Технология мен креатив: Бәсекеге қабілетті өнімдерді әзірлеудің инновациялық тәсілдері
  • Чемпионның формуласы: Мақсатқа жетелейтін мызғымас қағидалар
  • PR және бизнес:Қоғаммен байланыста шынайы ықпал мен бедел құру
  • NIETWORKING

ФОРУМНЫҢ СПИКЕРЛЕРІ:

  • Мақсат Халық – SANA FOUNDATION Қоғамдық Қорының, SANA BUSINESS ACADEMY төрағасы,
  • Арслан Назаралиев – SONA Lab, Med Progress, Nomad, Goldman Logistics, Acvee Finance компанияларының негізін қалаушы.
  • Аятжан Ахметжан –  Qazbilim Group компаниясының негізін қалаушы.
  • Болатбек Дәлелханұлы – Golden Bridge Partners серіктесінің негізін қалаушы және директоры
  • Гульбану Майгарина –  Lanzhou ресторандар желісінің негізін қалаушы.
  • Ерлан Андаспаев –  Coca Cola, Food Master компанияларының ресми дистрибюторы.
  • Шыңғыс Мұқан –  Mazmundama  және Coffee Book жобаларының негізін қалаушы.
  • Асхат Нұрмашев –  кәсіпкер, венчурлық инвестор және IT саласының маманы. Asarume қоғамдық қорының негізін қалаушы.

Сынды мықты кәсіпкерлер мен сала мамандары бизнес форумда өз тәжірибесімен бөлісіп, кәсіпкерліктің қыр-сырын ашып, даму потенциалы бойынша негізгі қадамдар мен трендтерді талдайтын болады. «Sana Business Forum 2.0» — республикадағы кәсіпкерлер үшін жаңашылдықтармен  бөлісетін,  тың идеялар тоғысатын бірегей алаң болмақ.

2023 жылдан басталған SANA FOUNDATION Қоғамдық Қорының жұмыстары өзінің жемісін беріп келе жатыр. Аталмыш Форумда қордың бір жылдық есеп беруі ел назарына ұсынылатын болады.

Форум қатысушыларын келесі мүмкіндіктер күтеді:

  • Бизнестегі трендтермен танысуға;
  • Мықты нетворкинг құруға;
  • Қаржылық интеллект пен инвестицияның жаңашылдықтарын білуге;
  • Жасанды интеллекті бизнесте қолдану жолдары туралы ақпарат алуға;
  • Бизнесті жүйелеу арқылы көбірек сату жолдарын үйренуге;
  • Өз бизнесіңізге құндылықтар бере отырып, оны нарықта сұранысқа ие тауарға айналдыруды түсінуге;
  • Кәсіпкерлікте кездесетін мәселелерді талдауға қатысуға;
  • Сала мамандарынан өз кәсібіңізге кеңес пен қолдау алуға;
  • Табысты кәсіпкерлердің бизнесті сәтті жүргізу туралы құпияларын білуге;
  • Өзге кәсіп иелерімен өзара байланыс орнатып, тәжірибеңізбен бөлісіп, бизнес шеңберін кеңейтуге.

Осы орайда тұңғыш қазақ тіліндегі халықаралық масштабтағы форумның бір бөлшегі болу үшін форумға қатысуға шақырамыз.

Форумға қатысу үшін және маңызды жаңалықтардан қапы қалмас үшін https://sanaforum.kz/ сайтын қараңыз.

Күні: 13 қазан 2024 жыл

Уақыты: 09:00-18:00

Өтетін орны:  Желтоқсан 181, Intercontinental Almaty қонақ үйі

БАҚ және серіктестік үшін байланысу: +7 (706) 616-08-61 Абдрахман

Самал Асқар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ

Мемлекеттік қызметші болу - бұл үлкен абырой мен міндет....

КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ

Бүгінде сот жұмысының сапасын арттыру мемлекеттің басты міндеттерінің бірі...

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию...

Әйелдер түзеу мекемесінде жұмыс кеңесі өтті

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты 79 мекемесінде сотталғандардың...

«Встреча у ворот»

Социальный проект «Встреча у ворот» проведен в колонии №21...