Дүкенде сауда жасаған жас қыз дүкеншіні алдап кеткен

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Сайрам аудандық полиция басқармасының полицейлері алаяқтық жасады деген күдікпен жас қызды анықтады.

Белгілі болғандай, дүкенге келген қыз жаңа «Samsung» маркалы ұялы телефонды алдап алып кеткен. Яғни дүкен иесі сатып алушы қыздың тауардың ақшасын сәл кейінірек толық төлеуге уәде берген сөзіне сеніп, ұялы телефонды берген.

Алайда бір ай уақыт өтседе бойжеткен ұялы телефонның ақшасын төлемей, байланыссыз кеткен.

Полицейлер жас қыздан қолды еткен ұялы телефонды сатып жібергенін анықтады.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Усть-Каменогорская ТЭЦ получит дополнительные 130 Гкал/ч тепловой и 100 МВт электрической мощности

12 августа 2026г., Усть-Каменогорск. - На Усть-Каменогорской ТЭЦ началось...

Өскемен ЖЭО қосымша 130 Гкал/сағ жылу және 100 МВт электр қуатын алады

12 тамыз 2026 жыл – Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың...

Бір күнде 130 шақырым: Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге Құрылтайға бастар жолдың кезекті маңызды...

Сот- мемлекеттік биліктің бір тармағы

         Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің тармақтарының бірі – сот...