Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің №57 мекемесінде жазасын өтеген ер адам мерзімінің аяқталуына байланысты босатылды.
Оқшаулау орындарынан шыққан адамды қоғамға бейімдеу мақсатында, мекеме қызметкерлері жазасын өтеп шыққан сотталушының босатылған күні ағасымен кездесуін ұйымдастырды.
Сонымен қатар, ҚАЖ қызметкерлері олармен полиция органдарына профилактикалық есепке қою, оның мерзімдері және болашақта әлеуметтік-құқықтық көмек алу туралы түсіндірме әңгіме өткізді.
«Сотталғандарды босату кезіндегі осындай іс-шаралар «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде өткізіледі»-, деп атап өтті мекеме бастығы Ұлан Арғынбаев.