Пробация есебіндегі сотталғандар асық ойнап сынға түсті

Қызылорда облысында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында ұлттық спорт түрі – асық ату бойынша сайыс өтті.Жарысты Жаңақорған аудандық пробация қызметі мен Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі ұйымдастырды.Спорттық шараға пробация есебіндегі 21 сотталған қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – сотталғандардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету, олардың бос уақытын тиімді өткізуін ұйымдастыру және ұлттық құндылықтарға баулу.
Жарыс барысында қатысушылар асық ату бойынша шеберліктерін көрсетіп, бір-бірімен бәсекеге түсті. Жарысқа қатысушылар тек жеңіске ғана ұмтылмай, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ерекше көңіл бөлді.


Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы сыйлықтармен марапатталды.
-Бала кезімнен асық атуға деген құштарлығымның арқасында бүгінгі жарысқа ойланбастан қатысып, жеңіске жеттім. Бұл ойын тек қызықты ғана емес, үлкен тәрбие мектебі деп ойлаймын. Ойын барысында дәлдік, шапшаңдық, байсалдылық, және сергектік секілді қасиеттерді дамыту өте маңызды. Бастапқыда қолым дәл келмей, асықтарымды тигізу қиын болды. Бірақ тәжірибе жинаған сайын, өзіме деген сенімділігім артып, шеберлігімді көрсеттім. Бұл жеңіс мен үшін тек жеке табыс емес, ұлтымыздың бай мәдени мұрасын қайта жаңғыртуға қосқан үлесім деп білемін.Ойынның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан ұйымдастырушыларға алғысым шексіз,- деді есептегі сотталған.
Мұндай шаралар сотталғандардың қоғамдық өмірге оралуына, өз-өзіне сенімділік арттыруына және оң көзқарастарын қалыптастыруына зор ықпал етеді .

Милосердие в месяц Рамазан: сотрудники ДУИС по области Абай оказали помощь многодетной семье

В священный месяц Рамазан, который символизирует милосердие, сострадание и...

Свобода, которую нельзя заменить

В колониях минимальной безопасности особое значение имеют дни, когда...

Еркіндіктің орны бөлек

Ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін...

Абай облысы ҚАЖ әйел қызметкерлері 8 наурыз қарсаңында марапатталды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...

Сотрудники УИС по области Абай провели «Бьюти День» для представительниц старшего поколения в Семее

В преддверии Международного женского дня сотрудники Департамента уголовно-исполнительной системы...